27 наурыз күні №12 балалар кітапхана-филиалында облыстық ОВР балалар үйінің 6-7 топ балаларымен «Мыңдаған дана парақтар» атты кітапхана қалашығы өтті. Шараның мақсаты: кітапханамен және энциклопедиялық-анықтамалық әдебиеттермен таныстыру, кітап оқуға тарту. Жүргізуші Сарычева С. «Бәрін білетін адам білімді емес, мәселенің жауабын қайдан табуды білетін адам білімді» деген қанатты сөздің мағынасын ашып түсіндірді. Шара барысында әртүрлі энциклопедиялық және анықтамалық жаңа әдебиеттермен, сөздіктер мен энциклопедиялардың тарихымен таныстырылып, олармен жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді. Балалар даналық сөздердің мағынасын ашу, шет тілінен енген сөздердің мәнін табу, орыс сөздерінің талдауын сөздіктерден іздеу, т.б.   тапсырмаларды орындады. Шараға тақырыптық кітап көрмесі ұсынылды. Шараға 21 адам қатысты.    

SAM 8228 minSAM 8231 minSAM 8250 min

 

15 наурыз күні №16 кітапхана-филиалының әдеби қонақжайында «Балдырған» балабақшасының балалары үшін «Көңілді көктем келді» атты мерекелік бағдарлама өтті. Мақсаты: балаларды Наурыз мейрамының тарихымен таныстыру, қазақ халықның салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауды, Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық пен толеранттылықты тәрбиелеу. Шара барысында Наурыз мейрамының ата-бабадан қалған бүкілхалықтық мереке екені туралы түсіндірілді. Балалардың назарына «Қазақстандағы Наурыз мейрамы!» атты бейнеролик пен « Наурыз көже дайындаймыз», «Көктемді қарсы алу» атты қазақ тіліндегі мультфильмдер көрсетілді. «Қазақстанның жеті кереметі» атты мультимедиялық презентация көрестілді. Қазақ халқы домбыра, киіз үй, алтын адам сияқты көптеген өркениетке әйгілі құндылықтар ы бар көпжылдық тарихы бай халық екендігі туралы ақпарат берілді. «Наурыз – мейірімділік мерекесі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шара соңында праздник добрых надежд», познакомил с литературой, раскрывающей историю возникновения праздника «Наурыз-мейрамы». В заключительной части мероприятия были проведены конкурсы «Теңге алу», «Котермек», сайыстары ұйымдастырылды.

дсад балдырган 15.03. minнаурыз min

 

15 наурыз күні №12 балалар кітапхана-филиалының оқу залында №3 мектеп-интернатының оқушыларымен (ерекше топ) «Жүрекке жылу сыйлайтын ертегідей - Наурыз» атты танымдық ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақты қазақ ұлттық мерекенің тарихымен таныстыру; ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындарды біліп, құрметтеуге тәрбиелеу. Шараны жүргізушілер Сарычева С. Мен Қасымова Л. балаларды Наурыз мейрамының тарихымен таныстырудан бастады. Кеш барысында балалар түрлі ұлттық сайыстық ойындарға қатысты және сұрақтарға белсенді жауап берді. Шараның Наурыз мерекесіне арнайы дайындалған «Халық даналығы» деп аталатын білімділер сайысы кезеңінде балалар Наурыз мерекесі жайлы барлық білетіндерін ортаға салды. Кеш соңында балаларға тәтті сыйлықтармен бауырсақ таратылды. Көркемдеу: плакаттар ,баннерлер,тақырыптық көрме «Қош келдің Наурыз!».

SAM 8162 minSAM 8166 minSAM 8172 minSAM 8179 minSAM 8185 min

16 наурыз күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Наурыз – жаңғыру мейрамы» атты әдеби-музыкалық мереке өткізілді. Мерекелік шараға «Замандас» зейнеткерлер клубы, Қазыбек би аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ОКЖ қызметкерлері, №34 мектептің өнерпаздары №52 мектептің оқушылары қатысты. Іс шараның мақсаты: наурыз мейрамын тойлау дәстүрлерімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеу, патриоттық пен толеранттық рухында тәрбиелеу, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде кітапхана оқырмандарының жеке тұлға ретінде дамуына, қалыптасуына ықпал ету. Шараның ашылуы қонақтарды «Шашу» рәсімімен қарсы алумен басталып, «Күнге тәу ету», «Бата беру» рәсімдері орындалды. №8 филиалдың «Кітапхана -қарттарға» бағдарламасы аясында құрылған клуб мүшелері ұлттық салт-дәстүрлер тақырыбында сайыс өткізді. Шара барысында Самарқанның көк тасы жібуі жайлы аңызға түсінік беріліп, күн мен түн бейнесі теңелу сәті көрініспен сипатталды. Сайыстың мазмұны Наурыз мейрамының ерекшеліктерін білу, ұлттық салт-дәстүрлерді білу, рухани ой-өрісі мен өз өнерін көрсетуден сайыс түрінде жүргізілді. Сайысқа қатысушыларды марапаттау рәсімінен кейін №34 мектептің оқушылары көрермендер назарына концерттік бағдарлама ұсынды. Кітапхана залы ұлттық нақышта безендірілді, кітап көрмесі, бейнепрезентация әзірленіп, музыкамен сүйемелденді.

DSC 0780 minDSC 0807 minDSC 0812 minDSC 0821 minDSC 0816 minDSC 0971 min

№31 кітапхана-филиалында пайдаланушыларға «Президент бастамалары – азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартудың жаңа қадамы» атты таныстырылым – талқылау ұсынылды. Мақсаты: кітапхана оқырмандарын «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты ҚР Президенті Үндеуінің мазмұнымен таныстыру, мемлекет туралы білімдерін кеңейту. Шараны өткізу барысында презентация арқылы оқырмандарға ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес бастамасы түсіндірілді. Бес бастаманың мазмұны әлеуметтік жаңғыруға бағытталған: үй алуға берілетін жаңа мүмкіндіктер, жалақысы төмен қызметкерлерге салынатын салық мөлшерін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, шағын несие беруді кеңейту және елімізде өңірлерге газ тартуды іске асыру. Оқырмандарға презентацияны таныстыру кезінде кітапхана меңгерушісі «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінің еліміздің әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мемлекет құруға бағдарланып отырғанының тағы да бір дәлелі екенін атап өтті. Іс–шараны өткізу барысында Қазақстан халқының келешегіне асқан көрегендікпен нақты жол көрсетіп, еліміздің жедел дамуына кепілдік беретін қажетті шешімдер қабылдаған Президент бастамаларын қолдайтын оқырмандардың пікірлері тыңдалды.

5 min1 min2 min3 min

Яндекс.Метрика