10 наурыз күні № 27 кітапхананың оқу залында № 83 ОМ 9 сынып оқушылары үшін күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының 195 жылдығына және ақын Ақан-сері Қорамсаұлының 175 жылдығына арналған «Домбыраның еліктірген дыбысы» тақырыбында музыкалық саяхат өткізілді. Іс-шара жүргізушісі оқырмандарға Құрманғазының өмір жолы мен 18 жасынан күйшілікті бастап, Бүкіре Ордасы қазақтар көтерілісінің күәгері болған қилы тағдыры туралы әңгімеледі. Байлар өмірін сыңға салған үшін қудағалауға ұшыраған Құрманғазының қудалауға ұшыраған кезінде шыққан «Алатау» және «Сарыарқа» күйлерінде халықтың тәуелсіздігі мен бостандығы туралы ойлары сипатталған. Құрманғазының шәкірттері мен ізбасарлары Махамбет Өтемісов, Дина Нұрпеисова, Ерғали Есжанов және т.б.. Қазіргі заманда Құрманғазының 60 күйі сақталды. Қазақ халқының белгілі ақыны, композиторы және әншісі Ақан Қорамсаұлы өз әндері мен шығармаларын 16-17 жасында жазған, шығармаларының негізгі тақырыбы – махаббат. Ақан серінің ең белгілі «Құлагер» шығармасы және сол дәуірдегі қазақтардың қиын өмірі туралы жазылған «Ысмағұлға», «Сұрағанға», «Мінәжәт» және «Қаратай» өлеңдері жайлы ақпарат берілді. . Ақан серінің өлеңдерінің көбісі қазақстандық композиторлар мен жазушылардың опералары мен пьесаларына салынған.

DSCN6894 minDSCN6898 min

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

6 наурыз күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалының кітапханашылары 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Молодежный» мәдениет үйінде №4 мектеп интернаттың және №18,25,30,32 ЖББОМ 6-7 сынып оқушылары үшін «Жанымызды жадыратар анамыздың күлкісі» атты мерекелік кеш өткізді. Мақсаты: оқушылардың анаға деген мейірімділіктері мен сүйіспеншіліктерін арттыру, бір-бірін сыйлауға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге, инабатгылыққа тәрбиелеу. Шараның басында кітапханашы сұлулық, махаббат пен адалдық, мейірімділік сияқты ең жылы сезімдерге толы мереке туралы әңгімелеп, оқырмандарды аяулы әйел-аналарға арналған наурыздың шұғылалы мерекесімен құттықтады. Кеш барысында оқушылар өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, Халықаралық әйелдер күніне арналған құттықтау өлеңдерін оқыды. Әлемдегі ең үздік әйелдердің құрметіне арналған әндер шырқалып, би биленді. Шараның қорытындысында қатысушылар бұл ерекше күні біздің барлық сезімдеріміз жүрегіміздің тереңінен орын алатын, өмірдегі ең қымбат, ең жақын жандарға – аналарымызға, әжелерімізге, сүйіктілерімізге арналатынын айтып өз ой-пікірлерімен бөлісті. Шараға белсенді қатысқандар алғыс хаттармен марапатталды.

Фил2юн 8 март minФил2юн 8 марта min

6 наурыз күні М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел – сұлулықтың қайнар көзі» атты мерекелік құрмет көрсету кеші өтті. Мақсаты: Әйел-ананың әсем бейнесін ашып көрсету, әр адамның өмірінде және қоғамда алатын орнын құрметтеу. Сый-құрмет пен мерекелік көңіл-күй сыйлау. Шараға Қарағанды қаласының жастар саясаты бойынша басқармасы жанындағы «Қарағанды қалалық жастар ресурстық орталығы» КММ инспекторлары, Қазыбек би аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, ҚарМТУ, Орталық Қазақстан академиясы меңгерушілері, ОКЖ филиалдарының меңгерушілері, №52, 41 ЖББОМ кітапханашылары және оқырмандар шақырылды. Ұйымдастырушылар қоғамдық ұйымдардан келген кеш қонақтарын – құрметті әйелдерді мерекеге сәйкес безендірілген залда қарсы алды. Жүргізушілер кешті өлең оқып, «Мерекелеріңізбен, ханымдар» бейнеклипін көрсетіп ашты. Қазыбек би аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы А.Т.Баймағанбетова, Қарағанды қаласының жастар саясаты бойынша басқармасы жанындағы «Қарағанды қалалық жастар ресурстық орталығы» КММ ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі А.А.Врибус қонақтар мен кітапхана ұжымын мерекемен құттықтап, ризашылық білдірді және барлық қатысушылар бір-бірін мерекемен құттықтады. Қоғамдағы әйелдердің рөлі мен аналардың жарқын бейнесі жөнінде рухани әңгімелер айтылды. Қонақтар Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері арнайы дайындаған мерекелік бағдарламаны тамашалады және кеште көңілді сайыстар, ойындар өткізілді, өлеңдер оқылып, караокемен әндер шырқалды. Мерекелік кеш телевизиялық «Көгілдір алау» бағдарламасының үлгісінде өтті. Шараға 30 адам қатысты.

DSC 0758 копия minDSC 0779 копия min

 

 

6 наурыз күні №16 кітапхана–филиалының әдеби қонақжайында 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Шабыт пен сұлулықтың таңғажайып әсем әлемі!» атты бірегей туындылар галереясы өтті. Іс-шараның мақсаты: адамзаттың әсем жандарына арналған мерекенің тарихымен таныстыру, мерекелік, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Шара барысында кітапхана қызметкерлері әзірлеген «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» бейнематериалы, «Аналар» әлеуметтік бейнефильмі көрсетілді және «Миллион алқызыл раушан гүлі» атты музыкалық құттықтау жолданды. Сонымен қатар «Суретші К.Брюлловтың бірегей туындысы – «Салт атты әйел» атты мультимедиялық презентация көрсетіліп, «Махаббат бәрінен де жоғары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кеш соңында әрбір қатысушы сиқырлы сөреден болашаққа жақсы тілектер жазылған ашықхаттарды таңдады. Шараға 35 адам қатысты.

ф16 8 марта minпоздравляют уч ся СОШ 25 min

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

3 наурыз күні  №11 балалар кітапхана-филиалының кітапханашылары 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «АҚҚУ» балалар бақшасының кішкентай суретшілері үшін «Біздің анамыздың мерекесі» атты шығармашылық зертханасын өткізді.   Шараның мақсаты: балалардың бойында әйелдер қауымына, анаға деген сүйіспеншілік пен мейірімділікті тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, кітап пен оқуды насихаттау.  Шара барысында балаларға өздерінің сүйікті аналарының портретін салу ұсынылды, суреттерді әділқазылар алқасы бағалады. Балалар аналарына арнап өлеңдер оқыды, мейірбан әжелері айтқан ертегілерді еске түсіріп, әңгімеледі. Қорытындысында жас суретшілер шағын тосын сыйлармен марапатталды.  Кітапханашылар топтың фойесінде ата-аналарды балалар кітапханасына шақыру билеттерін қалдырды.

P1200502 minP1200562 minP1200597 min 

Яндекс.Метрика