№ 1 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалы Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 29 жылдығына орай Қарағанды индустриалдық-технологиялық колледжінің кітапханашысы  Т.Т. Идрисовамен бірлесе отырып, колледж студенттері үшін «Ант қабылдап, бұйрықты орындадық» атты кездесу кешін өткізді. Шараға Октябрь аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері  Қасенов Қожахмет Сағындықұлы қатысты. Мақсаты: Ауған соғысына қатысқан қарағандылық интернационалист-жауынгерлер туралы әңгімелеу,қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу.  Шара барысында қатысушыларға 1979-1989 жылдардағы Ауғанстандағы соғыстың зардаптары мен 2 мыңға таяу қарағандылықтың қатысқаны жөнінде әңгімеленді. Ауған соғысының ардагері  К.С. Касенов өзінің осы соғыстағы әскери өмір жолы туралы баяндады. Ол әскери ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен және Бауыржан Момышұлы атындағы медальмен марапатталған. Шараға әзірленген «Ауғанстанның отына шарпылғандар 1979-1989» атты кітап көрмесімен таныстырылды. 

4ю3ю

Яндекс.Метрика