18 сәуірде № 16 кітапхана-филиалында № 4 МИ-ның 7 сынып оқушыларына арнап Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналған «Айша-Бибі жайында аңыз» атты шара өткізілді. Шара барысында жүргізуші 1983 жылы тарихи ескерткіштерді және көрікті жерлерді қорғау сұрақтары бойынша Халықаралық Ассамблея кеңесі бекіткен мереке жайында айтып өтті. Одан әрі «Айша-Бибі кесенесі – дала сүйіспеншілігінің таңбасы» бейнеролигі, «Айша-Бибі туралы аңыз» буктрейлері, «Ортағасырлық Қазақстан архитектурасы» мультимедиялық презентациясы көрсетілді. Қазақстанда үлкен танымалдылыққа ие болған Х-ХI және ХI- ХII ғасырларда салынған Бабаджа-қатын және Айша-Бибі және басқа кесенелер жайында айтылды. Шара «Айша-Бибі жайындағы аңыз қандай пікір қалдырды?» сұрағын талқылаумен аяқталды. Қатысушылар: 25 адам.

18.04.2018 ф16 minкультурно исторический альманах 18.04 minучастники уч. 7 кл ШИ 4 min

13 сәуір күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Туған жер» бағдарламасының аясында «Жаныңда жүр жақсы адам....» жерлесіміз физик - математик, профессор, ғалым Темірғали Әбділдаұлы Көкетай 80 жасқа толу мерейтойына арналған «Ғасыр адамы» атты кездесу кеші болып өтті.

Іс-шараның мақсаты: оқырман жастарды жерлес, шет елге танымал ғалым «ХХ сыншы ғасырдың Ғасыр адамының» өмірбаянымен шығармашылық табыстарымен және уақиға деректерімен таныстырып, отан сүйгіштікке баулу. «Болашақ» академиясының қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.Сембиев, ғалым, жазушы – көсемсөзші, қоғам қайраткері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі М.Баймұқанов, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі, Республика және халықаралық конкурстың лауреаты Қ. Ыбышев, Республика және халықаралық конкурстың лауреаты Е.Базарбек, 5405 әкери бөлімі тәрбие жөніндегі бөлімнің меңгерушісі Ж. Ибрагимова, кітапханашы А.Баймұханова, №15 ЖББОМ оқушылары мен кітапханашы А.Избасарова, ҚарМТУ аға ұстазы Н.Ошанов және студенттер шақырылды. Шара барысында өлкетану бөлімінің меңгерушісі Г.Р.Жылтыбаева физик – математик, профессор, Азиядағы көрнекті ғалым Темірғали Әбділдаұлы Көкетаевті 80 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, қалың оқырмандарға таныстырды. Кітапханашы Т.Ғабдолла ғасыр адамының өмірбаянын слайдқа шолу жасады. Кездесу әңгіме – сұхбаттар қою арқылы кеш қонақтары жастарға тәлім-тәрбие беретін ой-пікірлер айтып, отан сүйгіштікке оқу – білімге шақырды. Кеш соңында қонақтар кітап көрмесімен танысты. Шараға 50 адам қатысты.

DSC 1223 minDSC 1237 minDSC 1246 minDSC 1263 min

11 сәуір №16 филиалдың оқу залында Ғарышқа бейне саяхат «Жұлдыздар жолында» атты іс-шара өтті. Жүргізуші ғарыш кеңістігін қалай игере бастағанын және неге тек 12 сәуірде Ғарыштық күнді атап өтетіні жайлы айтып өтті. Ежелден бері планета мен жұлдыздардың жұмбақ әлемі адамдардың назарын өзіне аударып, оның құпиялары мен сұлулығына көңіл аударта бастады. Іс – шара мақсаты: Оқушыларды ғарыштану сияқты ғылыммен таныстыру, шығармашылық қабілеттерін, өнер тапқырлығын, ептілігін дамыту. Алғашқы космонавтар туралы алғашқы ғарыш кемесін ойлап тапқан ғалымдар туралы «Жұлдызды жолдардың кейіпкерлері» атты виртуалды ғарыш жазбасы ұсынылды. Балалар «Ғарыштың таңғажайып әлемі» виртуалды викторинасына қатысты. Балаларды ғарыш виртуалды саяхатына шақырды. Экипаж өз орынын алады, белдіктерді бекітеді және «Восток-3» космосында виртуалды ғарыш саяхатқа шығады. Сапар барысында балаларға «Ғарыш әлемінің құпиялары» бейне ролик көрсетіліп, күн жүйесіндегі планеталарға және ғарыштың басқа да объектілеріне қарап отырды. Қатысқаны: 55 адам.

1616 1

№12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінде 12 сәуір космонавтар күніне арналған «Ғарышты бағындырған - батырлар» атты танымдылық ойыны өткізілді. Шараға №3 мектеп интернатының 4-7 сынып оқушылары қатысты. /Ерекше топ/

Шараның мақсаты: балаларды космос әлемінің тарихымен, осы салаға өз үлестерін қосқан ерлермен таныстыру; Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көркемдеу: тақырыптық сөре «Ғарышты бағындырған - батырлар», баннер, шарлар.

Шара барысында жүргізушілер Сарычева С. мен Қасымова Л., балаларды космос әлемінің тарихымен, оған өз үлесін қосқан жандармен етене таныстырып өтті. Одан әрі шара әр түрлі ойындар, сұрақ-жауаптар, сайыстарға ұласты («Космостық команда», «Ұшу», «Лунатиктерге сәлем», «Құйрықты комета», «Конструкторы», «Космонавт орындығы» және т.б ) балалар тақпақтар оқыды. Шараға барлық қатысушылар өте белсенді ат салысты, шара өте қызықты өтті. Қатысқандар саны: 84 бала.

космос121космос 12

7 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасының балалар бөлімінде Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай «Салауатты өмір салты – уақыт талабы» атты валеологиялық әңгіме өткізілді. Мақсаты: балаларды өз денсаулықтарын сақтауға, тазалыққа, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу, күнделікті дене тәрбиесімен айналысу және күн тәртібін бұзбау дағдыларын қалыптастыру, тағам өнімдерінің қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша білімдерін дамыту.

Іс-шараға №52 ЖББОМ 5 сынып оқушылары, сынып жетекшілері және кітапханашысы қатысты. Шара барысында кітапханашылар балаларға денсаулық тақырыбы бойынша қызықты мәліметтер берді және оқушылар викторина сұрақтарына жауап беріп, жұмбақ шешуге қатысты. Балалар дұрыс тамақтану, тазалық сақтау туралы бейнефильмдер көрсетілімінен кейін өз пікірлерін айтып тақырыпты талқылады. Оқушылардың қалауы бойынша денсаулық туралы өлеңдер оқыды. Шара соңында «Тазалық – денсаулық кепілі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға 15 адам қатысты.

здоровье 1здоровье 2

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика