№11 балалар кітапхана-филиалында балалар кітабы апталығы аясында «Балалық шақтың көңілді өлеңдері» атты өлеңдер әткеншегң өткізілді. Мақсаты: балаларды кітап оқуға тарту, мерейтой иелері – балалар ақындарының шығармашылығымен таныстыру, балалардың поэзияға қызығушылығын дамыту.  Шара барысында  кітапханашылар әткеншекпен поэзиялық саяхат-шолу жасау түрінде балаларды көрнекті балалар ақындары С.Михалковтың, В Берестовтың, В.Благининаның өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырды. Балалар өлең оқып, викторина сұрақтарына жауап беріп, поэзиялық саяхатқа белсене қатысты.  Шара «Бүгін қандай ақындар туралы білдіңдер?», «Қандай өлеңдер ұнады?», «Ақындар өлеңдерінде нені жырлайды?» деген сұрақтар арқылы қорытындыланды.

20180328 111550 min20180328 114420 min20180328 115600 min

Қазіргі уақытта қазақстандықтардың алдында әлемдегі 30 бәсекеге қабілетті елдің қатарына кіру міндеті тұрғандықтан елімізді дамытудың көптеген бағыттары қайта қаралып жатыр, оның ішінде әліпбиді ауыстыру мәселесі бар. Латын қарпін ғаламшардың 4 млрд.-тан аса халқы қолданады, бұл әліпби әлем елдерінде алдыңғы орында тұр. Қазақ тілі латын әліпбиіне көшу арқылы Интернет желісінде кеңінен таралу мүмкіндігіне ие болады, тіл үйрену жеңілдейді, азаматтардың шетел тілін тез үйренуіне көмектеседі.  Ең бастысы - Қазақстан әлемдік қауымдастыққа еркін кіре алатын болады.

29 наурыз күні №15 кітапхана-филиалының кітапханашылары «eMenu.kz.» компаниясыны қызметкерлеріне «Латын әліпбиі – мемлекеттік тілдің тірегі» атты ақпараттық дайджест өткізіп,  осы аталған жағдайлар туралы диалог өткізді.  Қатысушылар латын әліпбиінің жаңа нұсқасымен танысып, ондағы қазақ тілінің ерекшеліктерінің сақталуы туралы пікірлерін білдірді.

20171027 121150 min20171027 121319 min20171027 121540 min

28 наурыз күні №31 кітапхана-филиалында «Ел тарихының шежіресі» атты кітап таныстырылымы өтті. Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаңа кітабымен таныстыру, республикамыздың жаңа тарихындағы Тұңғыш президенттің алатын орнын  дәріптеу, қазақстандық патриоттық пен өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Шара барысында кітапхана меңгеушісі Т.В. Алексеева Елбасының жаңа еңбегімен таныстырып, еліміздің тарихындағы белгілі бір кезеңдердің басты оқиғаларын баяндайтын келесі  4 тарауды: «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар)», «Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар)», «Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар)», «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010-шы жылдар)» бөлімдерінің мазмұын түсіндіріп өтті. Қатысушыларға кітапханашылар әзірлеген «Президенттің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы» атты презентация арқылы Президент кітабының мазмұны көрсетілді. Шара  Н.Ә. Назарбаевтың кітабы - тарихи мәні зор, әртүрлі жастағы оқырмандарға пайдалы, қызықты ақпараттар алуға болатын бағалы басылым деген қорытындымен аяқталды.  Танымдық тұрғыдан алғанда, кітапта көптеген тарихи деректерді табуға болады, Ебасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Шараға 15 адам қатысты.

IMG 3193 minIMG 3208 minIMG 3213 min

29 наурыз күні Мұхтар Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын насихаттау боынша «Елімізді жаңғыртудың  үш толқыны» атты кітап бағдары шарасы өтті. Шараның мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын кеңірек таныстыру, жастарды туған елінің тарихын білуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Шараға Орталық Қазақстан академиясының колледж студенттері қатысты. Шараның спикері  «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» КММ тарих пәні мұғалімі Э.А.Агадилова Елбасымыздың жаңа кітабын талдап, мазмұнымен таныстырды. Оқырмандарға жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі тарихы баяндалғаны жөнінде ақпарат берілді. Студенттер Елбасының кітаптары жайлы пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Қатысушылардың назарына  «Елімізді жаңғыртудың  үш толқыны» атты бейнепрезентация ұсынылды және «Тәуелсіздік және Ұлт көшбасшысы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға 32 адам қатысты.

DSC 1179 minDSC 1186 minDSC 1209 min

28 наурыз күні №11 балалар кітапхана-филиалының оқу залында «АҚҚУ» балабақшасының ересектер тобымен  «Кітап патшалығына шақыру» атты  балалар кітабының вернисажы өтті. Шараның мақсаты: балаларды кітаптың, кітапхананың тарихымен таныстыру, ертегілер туралы білімдерін кеңейту, ертегілерден тәлім-тәрбие алуды үйрету, балаларды кітапты күтіп ұстауға тәрбиелеу.  Дәстүрлі мерекені өткізу үшін кітапхананың барлық ресурстары пайдаланылды: кітап қоры, суреттер, ойындар, викториналар, сайыстар, материалдары, аудиоматериалдар. Мереке кітаптың құндылығы, оның шығу тарихы мен әр адамның өмірінен алатын орны туралы әңгімемен ашылды.   Балалар кітап жайлы көптеген мақал-мәтелдермен және әйгілі адамдардың кітап оқу туралы айтқан даналық сөздерімен танысты. Бүлдіршіндердің кітапқа қызығушылығын ояту үшін екінші бөлім ойын түрінде өткізілді. «Ойлан, тап!», «Авторды ата», «Кітап нені жақсы көреді?», «Жұмбақ калейдоскоп» атты сайыстар ұйымдастыру арқылы балалардың әдеби танымы, кітапты қорғау бойынша құқықтық білімдері анықталды.

Сайыстарға көрнекті балалар жазушыларының шығармаларына түсірілген мультфильмдердің көңілді әуендері пайдаланылды. Шараның қорытындысында оқуға «Кітап патшалығы» атты кітап көрмесінен кітаптары ұсынылды. Шараға 20 бала қатысты.   

20180328 110158 min20180328 111006 min20180328 111126 min

Яндекс.Метрика