6 наурыз күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалының кітапханашылары 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Молодежный» мәдениет үйінде №4 мектеп интернаттың және №18,25,30,32 ЖББОМ 6-7 сынып оқушылары үшін «Жанымызды жадыратар анамыздың күлкісі» атты мерекелік кеш өткізді. Мақсаты: оқушылардың анаға деген мейірімділіктері мен сүйіспеншіліктерін арттыру, бір-бірін сыйлауға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге, инабатгылыққа тәрбиелеу. Шараның басында кітапханашы сұлулық, махаббат пен адалдық, мейірімділік сияқты ең жылы сезімдерге толы мереке туралы әңгімелеп, оқырмандарды аяулы әйел-аналарға арналған наурыздың шұғылалы мерекесімен құттықтады. Кеш барысында оқушылар өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, Халықаралық әйелдер күніне арналған құттықтау өлеңдерін оқыды. Әлемдегі ең үздік әйелдердің құрметіне арналған әндер шырқалып, би биленді. Шараның қорытындысында қатысушылар бұл ерекше күні біздің барлық сезімдеріміз жүрегіміздің тереңінен орын алатын, өмірдегі ең қымбат, ең жақын жандарға – аналарымызға, әжелерімізге, сүйіктілерімізге арналатынын айтып өз ой-пікірлерімен бөлісті. Шараға белсенді қатысқандар алғыс хаттармен марапатталды.