12 сәуір күні кітапхананың оқырмандары үшін ҚММ орталықтандырылған кітапхана жүйесінің № 16 филиалында "Экономиканы жаңғырту және құру саясаты" Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын талқылауы атты нақты диалог өтті. Мақсаты: кітапхананың оқырмандарын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауымен таныстыру, онда Төртінші Индустриалды Революция жағдайында қазіргі Қазақстанның одан әрі дамуы туралы нақты нұсқаулар берілген.
Іс-шараның басында Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Төртінші Индустриалды Революция жағдайында елдің дамуына арналған өзінің келесі жылдық Жолдауы жарияланған бейне ролик көрсетілді. Содан кейін президенттер таяу болашақта іске асырылуы тиіс 10 негізгі міндеттің қысқаша сипаттамасын атап өтті. Қазақстан өнеркәсібі: жаңа технологиялар енгізудің флагманы, ресурстық әлеуетті пайдалану тиімділігі, ақылды технологияларды дамыту және т.б. Адам капиталы, денсаулық сақтауды, білім беруді, зейнетақыны дамытуға көп көңіл бөлінді. Іс-шара барысында көрмеде «Менің елім, менің тағдырым, менің Президентім» тақырыбына шолу жасалды. Онда Қазақстанның тарихы, мәдениеті, саясаты туралы кітаптар мен мерзімдік басылымдар көрсетілді.
Ақырғы бөлікте осы мәселелердің барлығын бір-бірімен бірге бірлесіп іске асыруымыз керектігін тағы бір рет дәлелдеді.
10 сәуір күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалының кітапханашылары «Молодежный» мәдениет үйінде «Қазақстан темір жолы» колледжінің студенттері үшін Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастама» үндеуін түсіндіру бойынша «Президенттің бес бастамасы – халық игілігі үшін» атты актуалды диалог өткізді. Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін түсіндіру, қазақстандық патриоттықты, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған негізгі бес бастаманы іске асыруға атсалысуға тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашылар Елбасының бастамалары әр отбасының үй алуына мүмкіндік беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту, елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру сияқты еліміздің берік іргетасын қалайтын реформалардан тұратыны туралы әңгімеледі. Кітапханашы А.Исина Президент жүктеген негізгі міндеттерге сәйкес халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған жұмысты әрі қарай жандандыру механизмдерін түсіндіріп өтті. Студенттер аталған мәселені кеңінен талдап, шара соңында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы мемлекетіміздің әрбір азаматының әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайтуға мүмкіндік береді» деген пікірлерімен бөлісті. Шараның қорытындысында «Аңызға айналған тұлға» атты кітап көрмесінің әдебиеттеріне шолу жасалды.
Қазіргі уақытта біздің қоғамда аса маңызды да өзекті мәселе қоғамға қауіпті, мемлекет пен демократияның дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып саналады. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғам белсенді атсалыспай бұл дертті жеңу мүмкін емес екенін бірнеше мәрте атап өтті. Осыған байланысты пайдаланушылардың назарын сыбайлас жемқорлықпен күреске аудару бағытында 5 сәуір күні №31 кітапхана-филиалында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – уақыт талабы» атты үндеу-көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мәнін ашу; қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру; болашақта және қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық зардаптарының пайда болуына қарсы тұру; елімізде болып жатқан жағдайларға ортақ атсалысу сезімін тәрбиелеу. Көрмеде оқырмандар назарына ұсынылған құжаттар елімізде сыбайлас жемқорлықтың өршуіне қарсы жол бермеу мәселелеріне арналған және сыбайлас жемқорлық дегеніміз не, оның себептері қандай, мемлекет пен қоғамға әсері қандай деген сұрақтарға жауап беретін материалдар ұсынылды. Сондай-ақ, оқырмандар сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары мен негізгі іс-қимылдарының қалыптасқан жүйесімен таныстырылды. Үндеу-көрме осы тақырыпқа пайдаланушылардың назарын аударып, қызығушылығын оятты.
> >
6 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша «Түбегейлі жаңғыру стратегиясы» атты саяси бағдар шарасы өтті. Мақсаты: оқушыларды Қазақстан Республикасының Президентінің 2018 жылғы Жолдауымен таныстыру, жас ұрпақтың бойында патриоттық пен азаматтық ұстанымды тәрбиелеу. Шара барысында №52 ЖББОМ 10 сынып оқушыларына жаңа әлемдік Төртінші революция жағдайында жетістікпен даму мен жаңа әлемге бейімделудің жолдарын нақтылап берген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының мазмұны түсіндірілді. Кітапханашы Л.Есенжолова Елбасының биылғы Жолдауының Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы 10 негізгі міндеті мен қазақстандықтар мүддесіне толық жауап бере алатын факторларды бекітіп берген стратегиялық құжат екені жайлы әңгімеледі. Өнеркәсіп, аграрлық сала, білім мен денсаулық және мемлекеттік басқаруға жүктелген міндеттердің барлығында цифрландыру бағытын, заманауи технологияларды енгізу анық көрсетілгендігі туралы сұхбат барысында оқушылар бұл Жолдау арқылы Қазақстан халқына жақсы жағдай жасаудың жолдары көзделгені жөнінде өз ойларын ортаға салды. Шара соңында балалар ҚР Президентінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабымен таныстырылды. Оқушыларға «Гүлденген Қазақстан» атты бейнеролик көрсетілді және «Тәуелсіздік. Ұлт көшбасшысы. Қазақстан» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Жыл сайын әлем бойынша 7 сәуір күні әлемде Денсаулық күні атап өтіледі. Қазіргі кезде салауатты өмір салты уақыт талабы болғандықтан кітапхана жұмысының басты бағыттарының бірі. 6 сәуір күні №31 кітапхана-филиалы «Салауатты өмір салты – ұзақ жасау кілті» атты ашық көрме өткізді. Мақсаты: халықтың арасында өз денсаулығына дұрыс қарау қажеттілігін саналы түрде ұғындыруға ықпал ету, салауатты өмір салтын насихаттау. Көрмеде пайдаланушылар назарына салауатты өмір салтын сақтау дағдылары, дұрыс тамақтану , емдік дене шынықтыру ережелері, адамның гигиенасы мен экологиясы туралы құжаттар ұсынылды. Кітапхана оқырмандары дәстүрлі емес медицина туралы кітаптарға үлкен қызығушылық танытты. Мысалы, Алиев Х. «Өз денсаулығыңның кілті», Норбеков, М. «Мыстан кемпір аяғын қалай емдеді немесе әжеміздің кеңестері». Танымдық – ақпараттық мазмұндағы көрменің кітаптары қатысушылардың өз денсаулығына немқұрайлы қарауға болмайтынын жайлы ой тастады.
> > >