6 наурыз күні М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел – сұлулықтың қайнар көзі» атты мерекелік құрмет көрсету кеші өтті. Мақсаты: Әйел-ананың әсем бейнесін ашып көрсету, әр адамның өмірінде және қоғамда алатын орнын құрметтеу. Сый-құрмет пен мерекелік көңіл-күй сыйлау. Шараға Қарағанды қаласының жастар саясаты бойынша басқармасы жанындағы «Қарағанды қалалық жастар ресурстық орталығы» КММ инспекторлары, Қазыбек би аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, ҚарМТУ, Орталық Қазақстан академиясы меңгерушілері, ОКЖ филиалдарының меңгерушілері, №52, 41 ЖББОМ кітапханашылары және оқырмандар шақырылды. Ұйымдастырушылар қоғамдық ұйымдардан келген кеш қонақтарын – құрметті әйелдерді мерекеге сәйкес безендірілген залда қарсы алды. Жүргізушілер кешті өлең оқып, «Мерекелеріңізбен, ханымдар» бейнеклипін көрсетіп ашты. Қазыбек би аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы А.Т.Баймағанбетова, Қарағанды қаласының жастар саясаты бойынша басқармасы жанындағы «Қарағанды қалалық жастар ресурстық орталығы» КММ ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі А.А.Врибус қонақтар мен кітапхана ұжымын мерекемен құттықтап, ризашылық білдірді және барлық қатысушылар бір-бірін мерекемен құттықтады. Қоғамдағы әйелдердің рөлі мен аналардың жарқын бейнесі жөнінде рухани әңгімелер айтылды. Қонақтар Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері арнайы дайындаған мерекелік бағдарламаны тамашалады және кеште көңілді сайыстар, ойындар өткізілді, өлеңдер оқылып, караокемен әндер шырқалды. Мерекелік кеш телевизиялық «Көгілдір алау» бағдарламасының үлгісінде өтті. Шараға 30 адам қатысты.

DSC 0758 копия minDSC 0779 копия min

 

 

Яндекс.Метрика