6 наурыз күні №16 кітапхана–филиалының әдеби қонақжайында 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Шабыт пен сұлулықтың таңғажайып әсем әлемі!» атты бірегей туындылар галереясы өтті. Іс-шараның мақсаты: адамзаттың әсем жандарына арналған мерекенің тарихымен таныстыру, мерекелік, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Шара барысында кітапхана қызметкерлері әзірлеген «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» бейнематериалы, «Аналар» әлеуметтік бейнефильмі көрсетілді және «Миллион алқызыл раушан гүлі» атты музыкалық құттықтау жолданды. Сонымен қатар «Суретші К.Брюлловтың бірегей туындысы – «Салт атты әйел» атты мультимедиялық презентация көрсетіліп, «Махаббат бәрінен де жоғары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кеш соңында әрбір қатысушы сиқырлы сөреден болашаққа жақсы тілектер жазылған ашықхаттарды таңдады. Шараға 35 адам қатысты.

ф16 8 марта minпоздравляют уч ся СОШ 25 min

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика
Яндекс.Метрика