№29 кітапхана-филиалының кітапханашылары облыстық нашар көретін балаларға арналған мектеп-интератында «Салауатты өмір салты» бағдарламасы аясында Бүкіләлемдік спорт күніне орай «Денсаулық пен спорттың ынтымақтастығы» атты спорт мерекесін өткізді. Балалардың денсаулық пен спорт туралы мақал-мәтелдерге және спорттық ойындарға білгірлігін тексеру үшін «Сөзді аяқта» сайысы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: балаларға денсаулық күні туралы ақпарат беру, спортпен айналысуға мүмкіндігі шектеулі балаларды денсаулықты нығайту құралы ретінде сауықтыру шараларына тарту. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу, бос уақыттарын тиімді өткізуге, спортқа қызығушылықтарын дамыту. Шараға16 адам қатысты.

2 min7 min 

4 сәуір күні №16 кітапхана-филиалында Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай «Денсаулықты бірлесе ойлайық» атты денсаулық сақтау калейдоскопы өтті. Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын сақтауға ынталануды қалыптастыру, түрлі ауруларды дамытуға ықпал ететін жат әдеттер мен тәуелділіктен саналы түрде бас тартуға тәрбиелеу, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру. Шараның ұраны: «Кімде денсаулық бар болса, онда үміт бар, үміт бар жерде бәрі бар» деген ежелгі араб даналығы болды. Салауатты өмір салтын насихаттау туралы әңгіме барысында кітапханашылар зиянды әдеттердің қайғылы жағдайларға әкеліп соқтыратын зардаптары туралы әңгімелеп, тиісті тақырыптағы шығармалардан үзінділер оқыды. Ересектер балаларды ерте жастан бастап саналы түрде өз денсаулығын сақтауға, жаман әдеттерден бас тартуға үйретулері керек екенін түсінуі тиіс. Ол үшін салауатты өмір салты туралы қызықты да пайдалы ақпараттарды біліп, өмірде қолдануға дағдылану қажет. Осы мақсатта кітапханада салауатты өмір салты, спорт және дұрыс тамақтану туралы кітаптар ұсынылған «Салауатты болу сәнді» атты кітап көрмесі әзірленді. Балалар мен ата-аналар шарадан бүкіл отбасының денсаулығы туралы пайдалы кеңестер алды. Шараға 25 адам қатысты.

выставка о здором образе жизни minф16 калейдоскоп здоровья 4.04 min 

5 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін талқылау бойынша «Жаңа әліпби - болашаққа бағдар» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты: жасөспірімдер арасында латын қарпіне көшу мәселесін талқылау; латын қарпіне көшудің тиімділігін ұғындыру; кітапхана қорындағы тіл білімі туралы кітаптарды оқырмандар назарына ұсыну. Шараға №41 жалпы білім беретін орта мектептің 8 сынып оқушылары мен кітапханашысы қатысты. Шара барысында кітапханшылар А.Көшербаева мен Г.Қосжан бейне роликтер көрсету арқылы латын әліпбиінің таңбалық тарихы және латын жазуының әлем елдерінде қолданылу дәрежесі жөнінде әңгімеледі. Оқушыларға қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің логикалық терең тарихы жайлы, қазіргі технологиялық ортаның, әсіресе XXI ғасырдағы заманауи әлемдегі коммуникативтік және ғылым мен білімнің ерекшелкітерін меңгеру үшін тиімділігі туралы ақпарат берілді. Тәжірибелік бөлімде латын әліпбиін пайдалана отырып жазуға машықтану бойынша балалар А.Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңін латын қарпімен жазу тапсырмасын орындады. Оқушылар барлық тапсырмаларды белсене орындап, білгірлік танытты және Отан, ана тілі туралы өлеңдер оқыды. Шараның қорытындысында «Латын әліпбиіне көшу - мемлекеттік міндет» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

222333666

3 сәуір күні №27 кітапхана-филиалының оқу залында № 21 ОМ 8 сынып оқушылары үшін халық батыры Амангелді Имановтың туғанына 145 жыл толуына орай «Халық еркіндігінің қорғаушысы» тақырыбында тарихи портрет шарасы өтті. Мақсаты: оқушылардың бойында отансүйгіштік пен қазақ халқының тарихына деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, қазақ халқының 1916 жылғы ұлттық-азаттық көтерілісін ұйымдастырушы батыр Амангелді Имановтың өмірімен, қайраткерлігімен таныстыру. Іс-шара жүргізушісі қазақ халқының батыр ұлы Амангелді Имановтың өмірі мен ерлік істерінің қарапайым жұмыскер халықтың тағдырымен тығыз байланысты болғаны туралы әңгімеледі. А.Иманов Қазақстанда кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқан, қазақ қоғамының сол замандағы қиындықтарын басынан кешкен патриот тұлға болғаны жайлы ақпарат берілді. Халық батырын есте сақтап, ұрпаққа үлгі ету үшін көптеген көркем шығармалар, мақалалар, картиналар жазылды, фильмдер түсірілді. Қазақстан қалаларындағы көшелерге Амангелді Имановтың есімі берілген. Шараға12 адам қатысты.

DSCN7774 minDSCN7776 min 

Яндекс.Метрика

№16 кітапхана-филиалында балалар кітабы апталығына орай С.В.Михалковтың туғанына 105 жыл толуына арналған «Михалковта - қонақта» атты  әдеби викторина өтті. Мақсаты: оқушыларды жазушының өмірбаянымен таныстыру. Шара барысында балалар жазушысы Сергей Михалковтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын бейнеролик көрсетілді. С.Михалков шығармалары бойынша «Ертегіде қонақта» атты викторина өткізілді. Балалар аса қызығушылық танытып, сұраққа жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Шараның соңында Сергей Михалковтың «Степа ағай - милиционер» өлеңі бойынша түсірілген мультфильмді тамашалады.  С. Михалковтың сценарилері бойынша отыздан астам мультфильмдер түсірілген.

виртуальная викторина minпросмотр видеоролика С.Михалков min

Яндекс.Метрика