18 сәуірде № 15 кітапхана-филиалында № 58 орта мектептің 10 сынып оқушыларына арнап «Тәуелсіздік ғасыры» атты кітап талқылау өткізілді. Мақсаты: жастарды алуан қырлы Президент еңбегімен, тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихымен таныстыру. Шара басында жүргізуші «Тәуелсіздік ғасыры» кітабындағы Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңдері, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі қағидалары, мемлекет дамуындағы негізгі тарихи оқиғалар жайында айтып өтті. Шара соңында бейне-презентация көрсетіліп, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың кітаптарымен таныстырылды. Қатысушылар: 20 адам.
>
2018 жылдың 19 сәуірінде Қарағанды қаласы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» №11 филиалында әнші Әміре Қашаубаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Асқақ әнші - Әмре» атты әдеби-музыкалық композиция өткізілді. Шараға Тәттімбет атындағы өнер колледжі, «Болашақ» колледжінің, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ – нің студенттері қатысты.
Мақсаты: қазақ музыка мәдениетінің тарихынан елеулі орын алып, қазақ әншілік өнерін әлемге паш еткен Әміре Қашаубаевтың өнегелі өмірі мен тағылымды өнер жолын, шығармашылығын, рухани мұрасын насихаттау, жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын ояту, рухани құндылықтарды дәріптеу.
Шара барысында қазақтың дарынды ұлдарының бірі, сонау жиырмасыншы ғасырдың басында-ақ қазақ өнерін әлемге паш еткен Әміре Қашаубаев туралы мағлұмат берілді. Жүргізушілер Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультетінің студенттері – Жолдасбекова Гүлнұр мен Тлеулинов Заңғар әнші өмірінің қиын-қыстау кезеңі, беймәлім қырлары, оның теңдессіз орындаушылық шеберлігі, әртістігі жайлы тереңінен сыр шертті. Замандастарының, шәкірттерінің естеліктерін оқыды.
Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері, Қазкен Берік, Ұзақбай Нұрболат сынды өнер иелері домбырамен күмбірлетіп, Әміре атамыздың қоржынындағы ескі әуезді «Балқадиша», «Ағаш аяқ», «Қызыл бидай», «Жалғыз арша», «Ісмет» әндерін орындап, жиналған қауымға қазақ дәстүрлі өнерінің құдіретін сездірді. Сондай-ақ кітапханаға жиналған кеш қонақтарына «Ұлт өнерінің мақтанышы» атты тақырыптық кітап көрмесі ұсынылып, Әміре Қашаубаевтың өмірлік жолынан сыр шертетін деректі фильмнен үзінді көрсетілді.
>
2018 жылы 17 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Әдеби кітаптар әлемі» тақырыбында балалар кітаптарының апталығы өткізілді.
Шараның мақсаты: адам өміріндегі кітап пен кітап оқудың маңызы жайында ақпарат беру. Ой-өрістерін кеңейту және танымдық, шығармашылық, белсенділік қабілеттерін арттыру. Шараға № 92 гимназияның 4 «а» және «б» сынып оқушылары қатысты. Шара барысында балаларға ойындар мен сайыстарға, викторинаға қатысу мүмкіндігі туды. Кітап кейіпкерлерінің шеруі өткізілді. Онда балалар кейіпкерлердің қай ертегіден екендігін табу көзделді. Балалар қызығушылықпен ертегі кейіпкерлерін тапты. «Маугли» ертегі кейіпкері туралы мультфильмді қызықтады. Шара көңілді, танымды және қызықты өтті. Қатысушылар кітап оқудың пайдалы, қызықты, және көңілді екендігіне көз жеткізді. Қатысушылар: 50 адам.
> >
18 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл толуына орай «Аңыз адам: Мен отан үшін шайқастым» атты естелік кеші өткізілді.
Шараның мақсаты: халық батыры Қасым Қайсеновтың өмірбаянымен таныстыру, оқушыларды отансүйгіштікке, белсенді азаматтық ұстанымға, батылдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Іс – шараға «№58 ЖББОМ» КММ, «№65 ЖББОМ» КММ оқушылары және қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдері Г.Ғ.Ғалымбекова, М.Н.Өмірсерік қатысты. Шара барысында ағамыздың рухына бас иіп, еске алды. Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті Қасым Қайсеновтың өмірбаянымен таныстырып, естеліктерін көрсетті. №58 ЖББОМ оқушылары Е.Шилібай, Н.Толеутаев, М.Рысқалы, А.Байболды, Х.Исмаилова, Н.Минбаева және де № 65 ЖББОМ оқушылары А.К.Абатова, А.К.Алишбекова, Г.Б.Жаппарова, Н.Аманжолқызы, Қасым Қайсеновқа арналған жыр шумақтарын оқыды. Кітапханашылар батырдың өмірбаяны туралы бейне роликтер көрсетіп, кітап көрмесімен таныстырды. Оқушылар сұрақ-жауап барысында белсенділік танытып, өздерінің білімдерін көрсетті. Кеш соңында мұғалімдер алғыстарын білдірді. Қатысушылар: 25 адам.
>
14 сәуір күні № 2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана филиалының меңгерушісі А.Қ Исина «52859» әскери бөлім сарбаздарымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жолдауын талқылау барысында «Елбасы жолдауы – кезекті қадам» атты ашық трибуна алаңын өткізді. Шараның мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауын талқылау. Оқушылардың мемлекет туралы, өз елі туралы білімдерін нығайту. Шара басында кітапханашы Президенттің Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауы - еліміздің одан әрі дамуының негізгі бағыттары айқындалған, мемлекет дамуының таяу жылдарға арналған маңызды басымдықтары айшықталған, Қазақстандық дамудың жаңа белестеріне шығуының нақты қадамдары көрсетілген бағдарламалық құжат екенін атап өтті. Сарбаздарды «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші басымдық ерекше қызықтырды. Президенттің Жолдауында жаңғырудың негізі ретінде қарастырылатын «Туған жер» бағытына да мән берілгені қызықтырды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы туралы ақпарат беріліп, бүгінгі таңда мемлекетімізде оқушылар білім алып, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуы үшін мемлекет барлық шараларды қолданып, іске асырып жатқанын атап өтті.
> >