4 маусым күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық кеш өткізілді. Мақсаты: балаларды Қазқстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге, адамгершілікке тәрбиелеу, оқырман балаларды ойын арқылы отансүйгіштікке баулу. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен, Қазақстанның шағын тулары, «Көк тудың желбірегені» атты кітап көрмесі және музыкалық жағынан көркемделді. Шараға №52 орта мектеп жанындағы жазғы лагерьдің оқушылары қатысты. Қатысушылардың белсенділігін арттырып, балалардың еліміздің тарихын, Қазақстан Республикасының рәміздерін қаншалықты білетінін айқындауға бағытталған әртүрлі тапсырмалар ойын түрінде орындалды. Қатысушылар «Қазақстан» тақырыбына сөзжұмбақ шешіп, викторина сұрақтарына жауап берді. Қарағанды қалалық Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенті Т.Секербайдың орындауында ән шырқалды.
4 маусым күні «Dariol» дәмханасында №5 балалар кітапхананың жұмыскерлерімен «Балалық шаққа ештене жетпес!» мереке ұйымдастырылды. Акцияға қатысушылар: «Қарағанды қаласының Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ дәмхана «Дариольдың» жұмыскерлері, Теміржолшылар Мәдениет сарайының «Мальвина» қуыршақ театры, БОЖ, СОШ №46,85, 12 оқушылары, еріктілер және де мүгедек балалар. Шараның мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Шара барысында «Радуга детства» жас суретшілер аланыңда балалар сурет салып, қатысушылармен ойындар өткізіліп, «Мальвина» қуыршақ театрының қойылымы уйымдастырылды.
29 мамыр күні «Тоталитаризм қабырғасында» өлкетану досьесі атты Болашақ колледж студенттері №14 кітапханана филиалында өткізілді. Мақсаты : саяси қуғын сүргін жылдары туралы тиісті басылымдарды тарату, халықтың трагедиясының тереңдігін анықтап түсіндіру. Модератор Кравцов.А.А. саяси қуғын сүргін құрбандарының жанұясынан зейнеткерлер туралы мәліметтер берді. Іс-шараға қатысушы Кравцов.А.А. ол саяси қуғын-сүргін құрбандарының жанұясы және жазықсыз жапа шеккен адамдар тағдыры және жүздеген мың жаппай саяси террор қайғысы туралы ақпарат берді. Қарағанды облысында шамамен екі миллион адам сталиндік репрессияға ұшырады. Суденттерге .викториналық сұрақтар қойылды. Шараға «Қараңғылық тоталитарлық жүйе рәмізі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
29 мамыр күні № 27 кітапхана-филиалында «Тарихтың қасіретті парақтары» тақырыбында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған ай-стоппер шарасы өткізілді. Мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандарын, жазықсыз қаза тапқан адамдарды еске алу, адамгершілік, патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Оқырмандар қиын жылдарда жапа шеккен зиялы қауым өкілдерінің тағдырлары және қасіретті оқиғалар туралы басылымдармен таныстырылды. Тарихшылардың анықтамалары бойынша 1937-1938 жылдың аралығында республикамызда жүзден астам тұрғындар жазаланғаны, осылардың жартысының ширегі қаза тапқаны туралы ақпарат берілді. Қазақстанда ГУЛАГ лагерлері құрылған, солардың ішінде ең ірілері Дальний, Песчаный, Актюбинский, Карлаг, АЛЖИР, Камышлаг және Кеңгір лагерлері. Оқырмандар берілген ақпаратпен кітап көрмесі мен бейнематериалдар арқылы кеңінен таныстырылды.
29 мамыр №12 балалар кітапхана-филиалында оқу залында «Карлаг – біздің тарихымыз, жан жарамыз» атты репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған слайд-көрме өтті. Мақсаты: Отанымыздың өткен тарихын еске алу, жас ұрпақты демократиялық бостандықты құрметтеуге үйрету. 1997 жылғы 5 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті қаулысымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандары күні болып бекітілді. Шара барысында жүргізушілер елімізде осы тұрғыда өте көп ескерткішкер бар екендігін айтып өтті. Күнделікті күйбелең тірлікте біз тарихымызда болған осынау қиын күндерді естен шығарып алатынымыз анық. Алайда бұл қайғы-қасірет біздің қаламызбен тығыз байланысты. Шара барысында балалар «репрессия» деген ұғымның астарымен танысып, ондағы ащы шындық сол жылдардағы Карлаг құрбандарының өмірінен мәлметтер алып, «31мамыр - Саяси репрессия құрбандарын еске алу» күні видеоролигін көрсетілді.