13 маусым күні № 27 кітапхана-филиалының оқу залында медицина колледжі студенттерінің назарына «Денсаулығыңды жастық шағынан сақта» тақырыбында практикум ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шараның модераторы № 1 емхананың бас маманы Ермакова Ольга Игнатьевна жастарға өз денсалығын сақтау мақсатында шылым шегу, ішімдік пен есірткі сияқты жат әдеттерден бас тарту қажеттігін түсіндірді. Қатысушылар денсаулық – бұл адам үшін ең үлкен байлық, денсаулықпен қатар рухани, әлеуметтік құндылық екені жайлы мәліметтермен танысты. Оқырмандарға арналған денсаулық туралы әдебиеттерге шолу ұйымдастырылып, салауатты өмір салты туралы буклеттер таратылды.
13 маусымда №4 кітапхана-филиалы Қарағанды теміржол колледжімен бірлесе отырып, «Балаларды Интернет қауіпінен қорғайық!» атты ғаламтор қауіпсіздігі сағатын өткізді. Шараның мақсаты: балаларға ғаламторда қандай қауіптер бар екенің, қолданушылардың ғаламтор желісіндегі әртүрлі қауіптермен таныстыру. Шараның модераторы №12 орта мектеп мұғалімі информатика мұғалімі Е.С.Макашев ғаламтор қауіпсіздігі жайлы көптеген ақпаратпен таныстырып, балаларды интернетке тәуелділіктен қорғау үшін не істеу керектігін айтып өтті. Іс-шара барысында балалардың ғаламторды кітапхананың білім көзіндей қолданатыны, бірақ көбінесе ойындар ойнап, әлеуметтік желі арқылы сөйлесетіні туралы айтылды. Модератор Интернет ресурстарын пайдаланудың қауіпсіздік шараларын сақтау туралы кеңестер берді.
12 маусым күні №5 балалар кітапхана-филиалында №46 орта мектеп жанындағы «Достық» лагерінің 2-4 сынып оқушылары үшін «Жолда жүру құпиялары» атты ойын бағдарламасы өтті. Мақсаты: төменгі сынып оқушыларына көшеде жүру ережелері бойынша түсініктерін қалыптастыру, жол қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру, жол қозғалысына қатысушыларға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Шара барысында балалар арнайы дайындалған «Балаларға жол ережесі туралы» атты ашық көрмемен таныстырылып, «Жол қозғалысының ережелері» туралы слайд – презентация көрсетілді және «Қызыл. Сары. Жасыл» тақырыбында ойын ұйымдастырылды.
12 маусым күні №22 кітапхана филиалында «Кітаптар достарымен әр үйде» атты әдеби әткеншек өтті. Мақсаты: балаларды кітапқа, оқуға тарту, қызығушылығын арттыру. Әдеби шығармаларды тыңдатуға, оны айта білуге дағдыландыру, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру. Балалардың тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту, логикалық қабілетін, танымын дамыту.Шара барысында «Кітаптар достарымен әр үйде» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасалды. Балалардың білімдерін жетілдіру мақсатында балалармен әдеби шара сұрақ-жауап ойыны түрінде өткізілді. Көркем әдебиеттер туралы сұрақтарға балалар жауап беріп, белсене қатысты. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Жанбеков Ықылас, Абзал Бекарыс, Аукен Жамила өздерінің белсенді, озық оқырман екенін көрсетті.
8 маусым күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Балалардың өмірі қауіпсіздікте болсын» атты өзекті әңгіме шарасы өтті. Шараның мақсаты: оқушыларды өмір қауіпсіздігін сақтау, үйде және көшедегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Балаларды өздерінің жеке басының және қоршаған адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, қауіпті жағдайлардың алдын-алып, өзіне және басқаларға көмек көрсете білуін қалыптастыру. Шараға №41 және №52 орта мектептердің жанындағы жазғы лагерьлердің балалары шақырылды. Кәсіптік тұрғыдан ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін шараға Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар Басқармасының бас мамандары Ғ.Т. Қалыбеков, Д.Оспанова, өрт қауіпсіздігі бойынша инженер А.У.Абеуов және «Қызыл ай» қоғамының мамандары С.Б.Хамитжанова, М.Д.Омарова қатысты. Шара барысында мамандар балалардың денсаулығы мен өмірін сақтауға қатысты негізгі қауіпсіздік шараларының ережелерімен таныстырды. «Қызыл ай» қоғамының мамандары төтенше жағдайларда адам өміріне қауіп төнгенде алғашқы көмек көрсету ережелерін ойын түрінде және практика жүзінде түсіндіріп өтті. Көшеде, үйде, суға шомылу кезінде тыйым салынатын іс-әрекеттер балаларға арналған бейнеролик арқылы түсіндірілді. Балаларға өрт және судағы қауіпсіздікті сақтау іс-әрекеттері бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті әзірлеген жаднамалар таратылды. Шараға әзірленген «Төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс» атты кітап көрмесінде көрмеде ұсынылған «Өмір қауіпсіздігін сақтау негіздері», «Мектепте және үйде өмір қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау», «Денсаулық» еліне саяхат», «Бәрін, бәрін білгім келеді» атты кітаптарға шолу жүргізілді.