Француз жазушысы Ш.Перронның туғанына-390 жыл толуына орай №2 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана филиалының кітапханашылары табиғат аясында «Сиқырлы кітап әлемі» кітап оқу шараларын ұйымдастырды. Мақсаты: оқырмандардың оқу дағдыларын қалыптастыру, кітаптың алып әлемінде өзіне қажет әдебиеттерді таңдауда өй-өрісін кеңейтіп, өзін-өзі дамыту. Шара барысында ұйымдастырушылар Шарль Перронның өмірбаянына тоқтала кетіп, кітап оқу кезіндегі адамның ерекше сезімдері туралы ой келді. Оқырмандардың қойған сұрақтары мен жауаптары кешті ажарландыра түсті. Шара қорытындысында, кітапханашы кітаптарға библиографиялық шолу жасады.

фил2юн Ш.Перро 1фил 2юн Ш.Перро

15 маусым күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана Дәрігерлер қызметкерлері күніне арналған «Ақ халатты абзал жандар...» «Замандас» зейнеткерлер клубы ардагер дәрігер - мамандарымен кездесу кеші болып өтті. Мақсаты: кітапхананың зейнеткер оқырмандарына өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік беру, ұрпақтар сабақтастығын іске асыру болды. Шараға жерлесі М.Байғожин, гумманитарлық колледжінің орыс тілі әдебиетінің оқытушысы Г. Түсіпова, «Замандас» клубының мүшелері қатысты. Шара барысында: 1967 жылдан еңбек жолына араласқан жас мамандардың өмір жолы өз уақытындағы жастардың кәзірде жастары 80 ге келген қария – маман ардагер дәрігерлер өз ара сұхбаттасты. «Замандас» зейнеткер клубының мүшелері фельдшер, Г.Б. Есжанова, ардагер дәрігерлер Ғабділғазиз Жақыпұлы Жақып, Қарлығаш Аманбайқызы Медеубаева, және де жедел жәрдем дәрігері Мәкеш Тілеубергенқызы Оспанова қатысып, кештің мазмұны Жағалтай Түсіпұлы Хорашевтың кітабына тұсаукесер жасалыуымен жасалды, «Өтелген парыз» кітабы кітапхана қорына қосылды. «Ақ халатты абзал жандар...» атты видеоролик көрсетіліп, ардагер дәрігерлердің өмірбаянынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылды.

12

2018 жылы 14 маусым күні қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік №2 мекемесінде Астананың 20-жылдығына орай «Кітап десанті» атты қайырымдылық акциясы жүргізілді. Іс – шара аясында кітапханашылар «Астана - Қазақстанның жүрегі» атты виртуалды кітап көрмесі өткізілді, сонымен қатар «Астана» кітаптарындағы әдебиеттерді шолу. «Энциклопедия», «Астана - Қазақстанның жүрегі», «Еуразия жүрегінде». Қатысушылар астананың көрнекті жерлерімен, «Бәйтерек», «Хан Шатыр», «Қазақ елі» монументі, «Жер ана» мемориалдық кешені және басқалары сияқты танымал рәміздермен танысты. Іс-шара соңында интернат үйіне кітаптар сыйлыққа берілді.

SAM 1341SAM 1343SAM 1349

14 маусым күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалында «Молодежный» мәдениет үйімен бірлесе отырып нашақорлық және есірткі кәсіпкерлігімен күрес күні не орай «Мен өмірді қалаймын» ашық алаңда ой бөлісу сағаты өтті. Шара мақсаты: оқушыларға адамзат ұрпағына төніп тұрған. ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардаптарын түсіндіру. Адамгершілік жөнінде және құқықтық тәрбие беру,салауатты өмір салтын насихаттау. Шара барысында кітапхана қызметкері соңғы жылдары ғасыр мәселесіне айналып отырған нашақорлық туралы әңгімелеп, есірткі заттарының адамды танымастай кейіпке келтіретін тілге тиек етті. Ішімдік ішу, есірткі заттарын қолдану адам өміріне қауіпті көптеген ауруларға алып келіп, күйзеліске жалғыздыққа, ағат қылықтарға итермелейтінін айтып берді. Кітапханашы студенттерді өздерін және айналасындағы басқа адамдарға қамқорлық жасауға шақырды. Шара соңында «Нашақорлық–ғасыр індеті» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды/

фил2юн наркоманияфил 2юн фото наркомания

15 маусым күні №6 кітапхана филиалында ақын М.Жұмабаевтың туғанына 125-жылдығына орай «Мағжан жұлдызы» атты ақындық көңіл-күй кеші өтті. Іс-шара студент, зейнеткерлер мен оқырмандарға өткізілді. Мақсаты: оқушыларды ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, жасы келген адамдарға құрметпен қарауды қалыптастыру, өлеңмен өрілген өнегелі өміріне терең бойлау арқылы жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу, поэзияны қастерлеуге, сүйіп оқуға бейімдеу, ақын өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу, М.Жұмабаевтың шығармашылығы арқылы жастарға патриоттық сезім, Отан сүйгіштікке, құндылықпен пен рухани байлыққа тәрбиелеу. Кітапханашылар қатысушыларды ақынның өмірі мен шығармашылығымен, «Алаш» қозғалысының қатысушы ретінде слайд, бейнебаян арқылы таныстырды. Содан соң жүргізуші М.Жұмабаевтың шығармашылығына блиц-сауалнама жүргізді. Шара аясында қойылған сұрақтар арқылы ақынның шығармашылығымен толықтай таныстырылды. Содан кейін қатысушылар ақынның «Көкшетау», «Жазғы жол», «Сені жақсы көремін», «Көктемде» т.б. өлеңдерінен үзінді оқылды. Кеш соңында кітапханашылар «Мағжан жұлдызы» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Ақын өз өлеңдерінде табиғат бейнесін, бостандықпен, Отанға деген сүйіспеншілікті жырлайды.

SAM 1331SAM 1340

Яндекс.Метрика