21 маусым күні №8 кітапхана-филиалында ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Мен жастарға сенемін» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы келген оқырмандар назарына ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармаларына шолу жасап, ақын өмірбаянымен таныстырды. Мағжан поэзиясының жоғары идеялығы, отаншылдық, ұлттық рухқа толы болуы, өлеңдерінің ерекше бейнелік, көркемдік формасы, жаңашылдығы заманынан басы озық, ілгері кеткен ақын екендігі айтылды.

P1210443 minP1210454 minP1210464 minP1210469 min

 21 мамыр күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана филиалында М.Жұмабаевтың туғанына -125 жыл толуына орай «52859» әскери бөлім сарбаздары «Мен жастарға сенемін» атты әдеби шара өтті. Мақсаты: Жыр пырағы – Мағжан туралы деректермен шығармалары туралы түсініктер беру. Ақын шығармалары арқылы оқырмандардың әдебиетке деген таным - біліктерін шыңдау. Елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Кітапханашы ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстырып, Мағжан қазақ поэзиясы көкжиегінде ерекше орын алған тұлға екенін атап өтті. Оның есімі және шығармашылығы халық арасында көзінің тірі кезінен кеңінен танымал болып, туындыларын оқырмандары сүйіп оқығанын әңгімелеп берді. Шараның жалғасында сарбаздар М.Жұмабаевтың өлеңдерін оқыды, ұсынылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Шара «Жұлдызды ақын» тақырыбындағы кітаптарға шолуымен аяқталды.

фил2юн Магжан minфил2юн Магжан фото min

21 маусымда №15 кітапхана - филиалында жасөспірім тобымен «Қазақтан 2020: Болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы эрудиттар дилижансы өтті. Мақсаты: Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, əлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік жəне көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру. ҚР Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты - жастардың әлеуметтік, азаматтық - құқықтық, патриоттық, инновациялық және шығармашылық әлеуеттерін дамыту болып табылады. Кітапхана оқырмандары белсенділік танытып, өз көкейлерінде жүрген мәселелерді ортаға салды : жалпы білім сапасы мен нағыз мамандарды дайындауды жастармен ақылдасып шешіп жатқандары, тұжырымдаманың бір жақын жағы шетелге барып білім алу, сол білімдерін еліміздің өсуіне жұмсасақ деген мүмкіндіктер ашылуы, бастысы жастарды жұмысқа тартып және бұл білімдерін еліміздің гүлденуіне жұмсайтыны туралы айтылды. 

IMG 20180620 113250 minIMG 20180620 113422 1 minIMG 20180620 113603 minIMG 20180620 113630 min

 Кеңес Одағының батыры, Мартбек Мамыраевтың туғанына 110 жыл толуына орай 21 маусым күні №11 кітапхана филиалында жасөспірімдер үшін «Майдангер ерлігі өнеге» атты ерлік сағаты өткізілді. Мақсаты: Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын, Кеңес Одағының батыры М.Мамыраевтың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге тұту, жас ұрпақты Отан сүйгіштікке баулу. Шара барысында оқырмандар сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен жерлесіміз жайлы мағлұматтар алып, Кеңес Одағының Батыры атағын алған Мартбек Мамыраевтың өмірі мен жасаған ерлігімен, өмірбаянымен танысты. Арнайы жасалған слайд, «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасынан алынған сюжет көрсетіліп, оқырмандар назарына кітап қарау ұсынылды.

20180620 1521 min20180620 1522 min20180620 1525 min20180621 105042 min

20 маусымда «Жазғы оқылымдар» аясында №16 филиал кітапханасында «Бәрін білгім келеді» атты шара өтті. Шараның мақсаты: кішкентай оқырмандарды кітапханамен, кітаптармен, балалар ертегілерінің қаһармандарымен, мерзімдік басылымдармен таныстыру. Ұйымдастырушы жаңадан шыққан кітаптармен таныстырып, балалар кітаптарына шолу жасады. «Қазақ ертегілері», «Тісіңді жуып жүр», «Балалар энциклопедиясы», «Әлем картасы», «Үлкен кітап-анашыммен бірге оқимыз» атты балалар кітаптары кішкентай оқырмандарымыздың қызығушылығын оятты. Шара соңында балалар «Алтын шар», «Кім теремокта тұрады», «Оқы қала» жолдары бойынша» балалар кітап көрмесімен танысты.

20.06.2018знакомство с детским отделением

Яндекс.Метрика