29 мамыр күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалында 31- мамыр саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Болашақ» аула клубының оқушыларына арналған «Тарихтағы ұмытылмас қасірет» атты шежіре көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Шара басында қатысушыларға жазықсыз жапа шегіп, қаза болған саяси қуғын-сүргін құрбандарын таныстыру. Оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу. Кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Оқушылар қазақ халқының басынан өткен ауыр жылдар, қайғылы оқиғалар, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ халқының бетке ұстар біртуар азаматтары Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С.Сейфуллин және т.б. туралы терең мағлұматтар алды. Қазақстан аумағындағы еңбекпен түзеу лагерлері: КАРЛАГ, АЛЖИР туралы ақпараттар берілді. Шара «Тарихтағы ұмытылмас қасірет» атты бейнеслайдпен жалғасты.

Фил 2юн КарлагФил 2юн Карлаг фото

Яндекс.Метрика