25 мамыр күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында қарағандылық актер, қазақ ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық артисі Қалибек Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Тағылымды тұлға» атты сыр-сандық кеші болып өтті. Кештің мақсаты: оқырмандарға қазақтың актерлік өнерінің қыр – сырымен жақынырақ таныстырып, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру. Шараға №65 орта мектеп оқушылары мен мұғалімі М.Өмірсерік, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрының актеры Б.Киікбаев қатысты. Шара барысында бейнебаян арқылы қазақ өнерінің аса көрнекті өкілі Қалибек Қуанышбаевтың өнер жолы туралы баяндалды. Оқушылар актермен сұрақ-жауап алмасу арқылы театр өнерінің ерекшеліктері мен актерлік шеберлік жайында коптеген мағлұмат алды. «Тағылымды тұлға» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
24 мамыр күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада қазақ батыры Аманкелді Имановтың туғанына 145 жыл толуына орай «Тарихтың ұмтылмас беттері» тарихи-портрет атты кеші өтті.Шараның мақсаты қазақ халқының батыр ұлы Аманкелді Имановтың ерліктерін баяндап, халқымыздың тарихи тұлғаларымен таныстыру арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ерлікке, елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу және ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға баулу болып табылады. Іс-шараға № 54 орта мектеп пен №36 орта мектептің оқушылары мен жетекші мұғалімдері қатысты. Шара барысында кітапханашы Г. Қосжан Аманкелді Имановтың өмірбаянымен слайд арқылы таныстырды және Қазақстанда өткен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жайлы мәліметтер берді. Оқушылар сұрақ-жауаптарға белсене қатысып, біліктіліктерін танытты. Оқушылар Н.Нұржан, С.Ракишова А Иманов жайлы әдебиеттер туралы баяндады. «Аманкелді» фильмінен үзінділер көрсетілді. «Тарихтың ұмтылмас беттері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
23 мамыр, №15 кітапхана қызметкерлері №58 ЖББМ жоғарғы сынып оқушыларымен Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, аудармашы Ісләм Жарылғаповтың 100 жылдығына «Уақыт пен өткел арқылы» атты әдеби дилижанс өткізілді. Шараның мақсаты: біздің өлкенің әйгілі адамдарының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыра отырып әдебиетті оқуға баулу. Кітапханашы кеңестік қайраткердің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы айтып берді. Ісләм Жарылғапов А.Пушкин, А.Герцен, И.Тургенев, Л.Толстой, М.Пришвин, Л.Соболев, Л.Леонов, Ю.Герман, Ф.Ниязи, Г.Леонидзе, А.Исаакян, Клара Цеткин, Вилли Бредель, И.Бекердің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақ әдеби тілінің үндесуін, аударманың зерттеу теориясына өз үлесін қосқан. Қазақ тілінде 500 ден жоғары сөз бен терминдердің эквиваленттерін тапқан. Шара барысында оқушылар І. Жарылғаповтың «Шығармалар» кітабынан өздері таңдап ұнатқан өлеңдерін оқыды: «Қазақ аруына», «Мен арымнан ұяламын» және т.б. Соңында әдеби шолу жүргізілді.
23 мамыр күні М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Біздер де сіздердей болғанбыз.... атты «Замандас» зейнеткерлер клубының отырысы өтті. Шараға «Замандас» клубының мүшелері Л.В.Бондаренко, Г.Б. Есжанова, А.К. Фадеев және т.б., №52 орта мектептің 10 сынып оқушылары шақырылды. Шара барысында модератор Болашенко Л.А мен Байкунакова З.М «Замандас» клубының мақсат-міндеттерімен таныстырды. Қатысушылар қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтың немересі Р.А.Әуезовамен танысты. Клубтың ашылуы және «Қарттар – асыл қазына» атты кездесу кеші туралы бейнеролик көрсетілді. Зейнеткерлер мен жас ұрпақ арасында патриоттық сезім, отбасы мен қоғамдағы адамгершілік құндылықтар туралы сұхбат жүргізілді. Шара қорытындысында клуб мүшелерінің қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттері жайлы мікір алмасты және клубтың апта сайынғы өткізу күнін белгілеу жөнінде келісілді. Қонақтарға буклеттер мен есімхаттар таратылды.
22 мамырда №8 кітапхана-филиалында жазушы-журналист Сейдахмет Бердіқұловтың 85 жылдығына арналған «Журналистика әлемінің сұлтаны» атты әдеби портрет өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарды жазушы өмірімен, шығармашылығымен таныстыру және оларды көркем шығарма оқуға тарту. Шара барысында кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, Сейдахмет Бердіқұлов спорт тарихының көрнекті білгірі екендігін айттып өттік. Оның шығармалары сан салалы, онда замандас сыры мен жасөспірімдер тіршілігі, спорт әлемі мен майдан өмірі, аға ұрпақ ерлігі мен жастық жалыны суреттеледі. Оқырмандарды жазушының спорт тақырыбына жазған шығармаларымен таныстырып өттік.. «Жұмыр жерде теңбіл доп», «Аспаннан шұға жауған күн» т.б. Шара өте танымды өтті. Шараны өткізудегі мақсатымыз қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосып, ұрпаққа үлгі өнегесін мұра етіп қалдырған Сейдахмет Бердіқұлов сияқты дара тұлғалардың өнерлерін бүгінгі жастарымыз үйреніп, тәлім – тәрбие алар деген ойдамыз. Безендіру: «Журналистка әлемінің сұлтаны» ашық тақырыптық сөре.