29 мамыр күні №8 кітапхана-филиалында «Ақниет» және «Достық» БЖК балалары үшін «Жазықсыз жапа шеккендер» атты экспресс-ақпарат өтті. Іс-шараның мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағылым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мәлімет беріп, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу. Экспресс-ақпарат 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналды. Іс-шараны кітапхананың оқырмандары №7 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушылары Абдикахарова Ақтоты және Аканаева Айдана жүргізіп, 30 - шы жылдардағы оқиғаларға, саяси қуғын-сүргін құрбандары жөнінде оқырмандарға түсінік беріп өтті. 1936 жылдың 5 желтоқсанда Кеңестердің Жалпыодақтық VIII төтенше съезінде жаңа сталиндік Конституциясының қабылданғандығы жайында, ол бойынша КСРО - да бюрократиялық орталықтандыру орнықтырылып, социализм тоталитарлық казармалық сипат алғандылығы жайлы сөз қозғалды. Елде сталиндік саясаттың жүзеге асқандығы, жазалау органдарының қызметі күшейтілгендігі, осылайша жеке адам құқығы жерге басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланғандығы туралы мағұлмат берілді. Шара барысында қуғын-сүргін құрбандарын еске алып 1 минут үнсіздік жарияланды. Қатысушылардың назарына бейнеслайд көрсетілді. Саяси құрбандардың өмір жолдарымен оқырмандарды тереңірек таныстырып, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу міндеті іске асырылды. Балалардың қойған сауалдарына жауап беріліп, танымды өтті. Кеш соңында қатысушылар хормен «Атамекен» әнін шырқады. Шараға «Зұлмат жылдар» атты тақырыптық сөре безендірілді.

P1210260P1210290 

Яндекс.Метрика