№83 орта мектебі оқушыларының жазғы демалыстары күні №11 балаларға қызмет көрсететін филиал қызметкерлерімен қызықты және пайдалы «Әдеп ережелері» туралы шара өткізілді. Шара барысында балалар «әдеп», «сыпайылық», мінез-құлық нормалары деген сияқты ұғымдармен танысты. Тәрбие туралы әңгіме барысында балалар «Дөңгелек үстел» атты жағдайлық ойынға қатысты. Шараға психолог Ю.Л.Верхуша қатысып, әдепті және білімді адам туралы әңгімелеп берді.Рөлдік ойындар, ойын тестері балаларды айналасымен қарым-қатынас жасап, достасуға көмектесті.Шара соңында кітапханашы әдеп туралы кітаптарға шолу жасады. Сонымен қатар, әрбір қатысушы «Психологтан қауіпсіз мінез-құлық» деген кеңес қағаздарына ие болды.
Маусымның 19 күні №16 кітапхана – филиалының оқу залында №42,30 орта мектептердің мектеп жанындағы лагердің балалары үшін «Есірткілер: қиялға қарсы» атты пікірталас-сұхбаты өтті. Қатысушылардың назарына «Есірткіге – жоқ дейміз!» мультимедиялық түсаукесері ұсынылды. Нашақор жасөспірімдер нашақорлыққа қалай ұшырағандары туралы, олардың денсаулықтары мен өміріне нашақорлық қандай зиян келтіргені туралы әңгімелері «Қауіпті шегі сыртында» атты бейнероликте көрсетілді. Балалар «Тышқан мен ірімшік» музыкалық қойылымына қатысты. Адам денсаулығына зиянды әдеттер зиянды әсер тигізгені туралы мерзімді басылымдардан тұратын кітаптар мен мақалалар ұсынылған «Зиянды әдеттер – ауруға жол» атты кітап көрмесі өткізілді. Шараның соңында балалар біздің қаламыздың барлық жастарына нашақорлыққа қарсы «Біздің ғаламшарымыздың өмірі бізге тәуелді» жолдауын ұсынды.
Құрманғазы Сағырбайұлының 195 жылдығына орай, №8 кітапхана-филиалдында оқырмандарға арналған «Күй атасы Құрманғазы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты; күйшінің өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеу, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту. Құрманғазының күйшілік мұрасы – қазақ ұлттық мәдениетінің тарихи белестерін айқындайтын, көркемдік келбетін сипаттайтын, образдық әлемін саралайтын шығармалар. Құрманғазы күйлері көптеген қазақ композиторларының шығармаларына арқау болғандығы жайлы ақпараттар берілді. Қүйшінің шәкірттері туралы, соның ішінде Дина Нүрпейісоваға айрықша тоқталып өтті. Шара соңын Құрманғазы Сағырбайұлының аты мәңгіге өшпей, келешек ұрпақтың жадында қалатындығы туралы сөзбен қорытындылады.
Маусымның 19 күні № 27 кітапхана-филиалында, қазақ халқының ұлы ақыны, біртуар философ, жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерінің» 120 жылдығына орай, оқырмандарды ақынның 12 баспа шығармаларымен таныстырып, ақпараттар берілді.
Маусымның 19 күні №12 балаларға қызмет көрсету кітапханасының оқу залында №82 мектебінің жазғы демалыс лагерінің балаларымен «Кітап патшалығына саяхат» атты экскурсия өтті. Шараның мақсаты: балаларды жаңа кітаптармен, кітапханамен таныстырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. Кітапханашы- кітап қорының әртүрлі болатындығын, ойыншық кітаптар мен сөйлейтін, электрондық кітаптардың да бар екендігін айтып өтті. Оқушылар кітапхана кызметін қалай пайдалану керек екендігін, каталогпен қалай жұмыс істеу керек екендігін толық танып, білді. Шара барысында әртүрлі сайыстар мен викториналық ойындар ойнатылып, жаңадан келіп түскен кітаптарға шолу жасалды. Кештен соң балалар кітапханаға жазылып, кітап оқығысы келетіндігін айтты.