№ 8 кітапхана-филиалдың жұмыскерлері «Арман» аулалық-балалар клубында Ұлы Жеңіс күніне арналған «Желбіре, жеңіс жалауы» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді. Іс-шараның мақсаты: жастарды халқымыздың ерлігі мен қаһармандығы жайында көркем әдебиеттер арқылы таныстыру, ұрпақтар санасына сіңіру, майдангер ата-апаларымыздың есімдерін мәңгі есте сақтау, оларға құрмет көрсету, өскелең ұрпаққа оларды үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, татулыққа тәрбиелеу. Кеш модераторы «Арман» БЖ клубының меңгерушісі Аманжолова А.С. оқушыларды Ұлы Отан соғысының тарихымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып өтті. Шара барысында кітапханашы кітап көрмесіне шолу жасап, Ұлы Отан соғысы жылдары Жеңіс үшін айқасқан батырларымыздың жанқиярлық ерлігі жайлы жазылған Бауыржан Момышұлының шығармаларын, Қасым Қайсеновтің «Жау тылында», Бисен Жұмағалиевтің «Қазақтар Ленинград майданында», «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев» атты әдебиеттермен таныстырып өтті. Мектеп оқушылары мерекеге арналған өлеңдерін оқып, әскери патриоттық әндерді шырқады. Көрнекілігі: «Ғасырлар бойы өшпейтін ерлік» атты тақырыптық сөре.

 

IMG 20180426 WA0057 minIMG 20180426 WA0050 min20180426 123839 min

 Жеңіс күніне орай № 31 кітапхана-филиалында «Сол ұлы жылдарға тағзым» естелік-көрмесі ұйымдастырылды. Ондағы құжаттар соғыс тарихын, оның мағынасы мен зардабын терең түсінуге мүмкіндік береді. Көрменің мақсаты Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың ерлігі мен батылдығын мәңгі есте қалдырып, жадымызда сақтау, азаматтық отаншылдықты тәрбиелеу, фашиспен күрес жолындағы соғыс ардагерлерінің ерлігін құрметтеуге шақыру. Көрме бірнеше бөлімдерден құралған. «Ұлы сынақ жылдары» бөлімінде Ұлы Отан соғысының көріністері, екінші дүниежүзілік соғыстың басталу тарихы мазмұндалған. «Аңызға айналған жерлестер» бөлімінде майдандағы және тылдағы жауынгер-қазақстандықтардың ерлігі мен батылдығы көрініс тапқан құжаттар көрсетілген. Үшінші бөлім жеңіске және екінші дүниежүзілік соғыстың адамзатқа әсері жайындағы очерктер, тарихи мемуарлар, көркем әдебиеттер, цитаталар, фотосуреттерге арналды. Қатысушылар көрмемен танысып, соғыс жылдарына енгендей әсер алды.

 

 

1 min5 min3 min

№ 14 кітапхана-филиалының қызметкерлері № 81 орта мектеп кітапханашыларымен бірлесе «Мәңгі лаулаған Жеңіс жалыны» әскери-поэзиялық сағатын өткізді. Шараның мақсаты: әскери-отаншылдық тәрбие, ұрпақтар байланысын нығайту, әскери-отаншылдық тақырыптағы әдебиеттерді насихаттау. Балалар назарына «Жауынгер даңқы» әдеби-музыкалық композициясы ұсынылды. Онда соғыс жылдарындағы өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Шараға әзірленген Ұлы Отан соғысы және қарағандылық батыр М.Мамыраевқа арналған слайдтар көрсетілді. Оқушылар «Қазақстандық батырлар» викторинасына белсене қатысты. Шараның соңында «Мәңгі лаулаған Жеңіс жалыны» кітап көрме-галереясына шолу жасалды.

IMG 0915 

Ұлы Жеңіс мерекесіне орай № 1 балаларға қызмет көрсету бойынша кітапхана-филиалы № 16 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен бірлесе «Ерліктер ескірмейді» ерлік сабағын өткізді. Кітапханашылар ҰОС жылдарындағы жас ержүрек жауынгерлер жайында, Ұлы Отан соғысында қазақстандық мыңдаған жауынгерлер фашистермен асқан ерлікпен шайқасқандығын айтып өтті. Жастар миллиондаған адамдардың өмірін қиған сол сұм соғыс жайындағы тарихты білуі тиіс. Шара барысында музыкалық концерт ұйымдастырылды. Онда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әндер шырқалды: «Катюша», «Жеңіс күні». Шара соңында «Қарағандылық батырлар» слайд-презентациясы көрсетілді. Жерлес жауынгерлер жайындағы естелік мәңгілік жадымызда қалады.

IMG 5551 minIMG 5558 minIMG 5589 minIMG 5720 min

Ұлы Жеңіс мерекесіне орай № 15 кітапхана-филиалында № 58 орта мектеп оқушыларымен және «Жас ұлан» 5-сынып кадеттерімен бірлесе «Ұрпақтар жеңісті ұмытпайды» музыкалық-әдеби композициясы өткізілді. Шараға әр буын өкілдері шақырылды. Олардың арасында соғыс жылдарының қиыншлықтарын өткерген, жастығы мен балалық шағы сол жалынды жылдарда өткен, әкелері соғыстың жалынын шарпыған соғыстан кейін туған азаматтар болды. Шара жүргізушісі Ш.Жұмаділдина Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлар жайында айтып өтті. Олардың арасында біздің жерлес ардагерлеріміз Ақыбаев Мағзұм және Машрапов Кабидолла да бар. Ардагерлеріміз шараға қонақ ретінде шақырылғанымен, денсаулықтарына байланысты қатыса алмады. Қатысушылар ардагерлеріміздің өмірбаяндарымен және жауынгерлік жолымен танысты. Шара барысында оқушылар өлеңдер оқып, әндер орындады: «Саппен адымда», «Соғыс болмасын», «Жеңіс күні», «Майданнан хат». Қатысушылар назарына «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» әдебиеттер шолуы ұсынылды. Жылдар өткен сайын бейбітшілік жолындағы жауынгерлердің ерен ерлігі аса зор құрметпен ұлықталуда.

20180502 142814 min20180502 144745 min20180502 145434 min

 

Яндекс.Метрика