22 мамыр күні №31кітапхана-филиалында №95 мектеп-гиназиясында бүкіләлемдік ЖИТС құрбандарын еске алу аясында «Қорқудың қажеті жоқ, білу керек» атты профилактикалық сабақ өткізді. ЖИТС – ХХ ғасырдың соңында адамзаттың алдында пайда болған маңызды және қайғылы мәселелердің бірі. Яғни, осы дертке орай 9Б-сынып оқушыларына кітапханашы Мерейхан А. ЖИТС-тің пайда болу жолы мен салдары, қалай сақтану қажеттігі жөні туралы ақпарат беріп, ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Жербин Е.А., Чукловин А.Б. «Река жизни», Покровский В.И., Покровский В.В. «СПИД», «Азбука СПИДа» атты кітаптар мен ЖИТС туралы т.б. ақпарат беретін құжаттар қойылды. Шараның негізгі мақсаты – бүгінгі таңда АИТВ инфекциясынан уақытылы емделген жағдайда ол өмірге қауіп төндіретін дерттен созылмалы ауруға айналып, толыққанды ұзақ өмір сүруге болатынын адамдарға түсіндіру және де алдын ала болдырмау шараларын қадағалау, ЖИТС салдарынан қайтыс болған адамдарды еске алу.
16 мамыр күні №27 кітапхана-филиалында №21 ОМ 9 сынып оқушыларына арнап «Өзіңді өмір үшін қорға» атты әңгіме-талқылау өткізілді. Шараның мақсаты: оқушыларды ЖИТС дертімен және оның залалы жайында ақпараттандыру. №1 емхана маманы Ермакова Ольга Игнатқызы оқушыларға жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісі ЖИТС ауруынан қаза тапқандарды еске алу күні деп жарияланғандығын айтты. Бұл ЖИТС пен АИВ дертіне шалдыққандар мәселесіне халықаралық ұйымдардың назарын аудару үшін жасалуда. Балалар бұл дертпен күрес нышаны қызыл бау болып табылатындығын білді. Ол қаза тапқандарды еске алу болып саналады. Қазіргі медицинаның жетістіктері арқасында АИВ ауруы созылмалы дертке айналды. Егерде ауруды дер кезінде емдеп, дәрігердің нұсқауларын ескеріп отырса дертке шалдыққан адамдар ұзақ әрі толыққанды өмір сүре алады.
16 мамыр күні №16 кітапхана-филиалында Славян жазуы күніне орай №4 өнер мектебінің 5-6 сынып оқушыларына арнап «Әліппе – ғылым бастауы» атты виртуалды әңгіме өткізілді. Шараның мақсаты оқушыларды славян жазуының тарихымен және мәдениетімен таныстыру, тілге деген құрмет пен ізгілік қасиетке тәрбиелеу. Шара барысында жүргізушілер Славян жазуы күні ең алғаш славян жазуын құрған ғалымдар мен ағартушыларға арналғандығын айтып өтті, сонымен қатар балаларға славян жазуының негізін қалаушылар және олардың өмір жолдары жайындағы «Славян әліпбиінің тарихы», «Кирилл мен Мефодий» атты кішігірім бейнебаяндар көрсетілді. Одан әрі оқушылар назарына «Славян жазуы жазбадан электронды кітапқа дейін» презентациясы ұсынылды. «Туған тіл ата-баба мұрасы» кітап көрмесіне шолу жасалып әліпби мен жазбаның шығу тарихы жайында айтылды. Бұл шара орыс тілі тарихының біраз құпияларын ашып көрсетті. Шара барысында балалар көптеген жаңа және қызықты ақпарат білді.
№16 кітапхана-филиалының оқу залында Халықаралық ЖИТС-пен күрес күніне орай «Біз ЖИТС-ке қарсымыз» бейне-шолу өткізілді. Шараның мақсаты: оқырмандарға АИВ және ЖИТС жайында ақпарат беру, бұл қауіпен сақтануға бағытталған белсенді өмірлік бағдарды қалыптастыру, осыалаңдатарлық мәселеге деген көзқарастарын өзгерту. Қатысушылар назарына «АИВ үкім емес» және «АИВ жайында қарапайым тілде» бейне баяндары ұсынылды. Бұл бейне баяндарда осы дерттен сақтану жолдары жайында және де жұқтырған жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігі жайында айтылған. «Зиянды әдеттер – дертке апарар жол» кітап көрмесіне шолу жасалды. Бұл көрмеде АИВ және осы инфекцияны жұқтырудың зардаптары жайындағы әдебиеттер көрсетілген. Балалар «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!» акциясына белсене қатысты.
15 мамыр күні №5 балаларға қызмет көрсету бойынша кітапхана-филиалының қызметкерлері №46 орта мектеп кітапханашыларымен бірлесе «Қарлаг мәңгілік тұтқындары» атты еске алу сағатын өткізді. Мақсаты: балаларды Қарлаг тарихымен таныстыру, өскелең ұрпақты еліміздің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылықтарын арттыру, Қазақстандағы саяси репрессия тарихы жайындағы құжаттарды насихаттау. Қатысушылар назарына «Қарлаг тарихы» ашық көрсетілімі және «Қазақстандағы үрейлі ГУЛАГ концлагерінен репортаж», «Дәуірдің қасіретті естелігі» бейне—роликтері ұсынылды.