15 маусым №12 кітапхана филиалының оқу залында №73 мектептің жазғы демалыс лагерінің демалушыларымен «Балалар планетасындағы оқу аралы» мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: кітапхананы насихаттау, кітап оқуға тарту, жаңа келіп түскен кітаптармен таныстыру. Кітапханашы балаларды жалпы кітапхна тарихымен жіне оның адам өмірінде қпндай роль атқаратындығын, маңыздылығын түсіндіріп өтті. Одан әрі шара ойын түрінде жалғасты.Түрлі сайыстар, викториналар, эстафеталар ойналды. Балалар өздерінің қаншалықты білімдар екендіктерін көрсетті. Шара соңында «Жаңа кітаптар» көрмесіне шолу жасалды.
11 маусымда №1 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Құлыншақ» балалар үйінде «Астана мерейтойына арналған 20 ізгі істер» атты қайырымдылық акциясы өтті. Шараның басты мақсаты балалар үйінің кітап қорын әдеби, танымдық әдебиеттермен толықтыру, кітапқа ұқыпты қарау және кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру болды. Себебі кітап өсіп келе жатқан ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар мен тәлім-тәрбие берудегі маңызды құрал болып табылады. Іс-шарада «Астана – Қазақстанның астанасы» атты алғашқы таныстыру және «Астана – еліміздің жүрегі және Тәуелсіздік тірегі» атты кітап көрмесі өтті.
14 маусым кітапхана оқу залында "Астананың 20 жылдығына арналып, Астанам-менің мақтанышым" атты поэзия сағаты өткізілді. Шараға №86 мектептің «Достық» мектеп жанындағы лагерінің тәрбиешілері мен балалары қатысты. Шараны өткізудегі негізгі мақсат: Қазақстан Республикасының астанасы-Астана туралы балалардың ақпараттануын арттыру. Астананың назар аударарлық жерлерімен және өткен тарихымен таныстыру. Өз Отандарына деген мақтаныштарын сезіндіруге, отаншылдыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызу. Шарада балалардың орындауында «Елімнің жүрегі» әні шырқалып, Астана туралы тақпақтар оқылды. Кітапхана қызметкерлері балаларды қызықтыру үшін дайындаған көрнекті әрі танымдық слайдтан Астананың мәдени, тарихи ескерткіштерімен және мәдени ошақтары, ойын-сауық орталықтарымен танысты. Шараның соңғы бөлімінде «Астанаға саяхат!» атты бейнеклипін тамашалады. Балаларға арналып «Астана-ұлы дала елордасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, соған шолу жасалды.
2018 жылдың14 маусым күні № 22 мектеп интернатыңда №5 филиалдың балаларға қызмет көрсету кітапханашылары «Кітап саквояжы Астана күніне арналған қайырымдылық акциясың өткізді. Мақсаты: оқырмандардың жазғы уақыттарын ұйымдастыру, және де шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс – шараның барысы:
1. қызықты хабарлар сағаты «Арманым, мақтанышым - Астана»
2. интерактивті ойын «Ғажайып қала Астана»
3. тілек бұрышы
4. тосын сый кітабы «Кітаптан артық досым жоқ» Безендіру: вернисаж «Туған күнімен, Астана!» кітап галериясы «Астана-жұрегімнің бөлшегісі».
13 маусым күні № 29 кітапхана филиалында «Ғасыр талабы» атты қызықты ақпарат сағаты өтті. Шараның мақсаты: жастарға әлемнің озық елдерінің қатарына қосылу үшін латын әліпбиіне көшу заман талабы екендігін түсіндірді. Шараға «Болашақ» колледжінің қазақ тілі жіне әдебиет пәнінің оқытушысы – Жаукенова Г.Ж., және кітапхана оқырмандары мен студенттер қатысты. Шара барысында кітапханашы қазіргі кезеңде бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында қызу талқыланып жүрген қазақ тілінің латын әліпбиіне көшудегі болашағы туралы айтып өтті. Модератор «Болашақ» колледжінің қазақ тілі жіне әдебиет пәнінің оқытушысы – Жаукенова Г.Ж. латын әліпбиіне көшу жайлы өз пікірімен бөлісіп, жаңа әліпбимен таныстырды. Қатысушылар қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі жөнінде сұрақтарды талқылап, латын жазуы біздің елімізге көпұлтты мемлекет ретінде өркениетті елдер қатарынан көріну үшін маңызды деген шешімге келді. Шара соңында кітапханашылар «Ғасыр талабы» атты көрмесіне шолу жүргізді.