23 қараша күні № 8, 22 және №1 жасөспірімдер кітапханаларының бірігуімен  № 65 ЖББМ–тің 8 сынып балаларына арнап «Ұрпақтың болашаққа ұмтылуы» атты дайджест-ақпарат өткізілді. Мақсаты:  қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу, өз отанын мақтан тұтуға, мемлекеттің саяси өміріне белсенді араласуға, өз тәуелсіздігін құруға мүмкіндігін пайдалана білуге тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар ҚР Президентің Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңаруы: жаһандық бәсекелестік» Жолдауымен танысып, «Ұрпақтың адамгершілікке ұмтылуы» ашық көрмесіне шолу жасады.  Басты алты басымдыққа қысқаша тоқтап өтті – «Жеті ата», «Тіл», «Жер», «Ел», «Латын әліпбі», «қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстандағы 100 жаңа есім». Шараның соңында қатысушылар мынадай қорытындаға келді: барлығымызға мемлекет өзгерісі үшін, өз еліміздің гүлденуі үшін, бейбітшілік, достық, бірлік және халық әл-ауқатының жақсаруы үшін барлық заңдылықтар жұмыс жасайтын мықты мемлекет болу үшін маңызды барлық сұрақтарды талқылауларға қатысу.

0TWtuSP2TyM 1 min77nhRzUYxJI min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика