24 қараша күні № 27 кітапхана-филиалында оқу залында № 21 ОМ-тің 8 сынып оқушыларына Президент күніне арналған «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» атты кеш-портрет өткізілді.  Мақсаты: қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу, еліміздің қалыптасуындағы Президент рөлі жайында білімдерін кеңейту. Шара барысында балаларға Президенттің балалалық шағы және жастық шағы жайында, Теміртау қаласындағы Қазақстан магниткасындағы «жалынды кезеңі» жайында әңгімеленді. Н.Назарбаевтың қанына сіңген үнемі көшбасшы болуға талпынысы, өзінің соңынан халықты тарту және олардың қызығушылығымен санасу, халықтың қызметін ұйымдастырып, бағыттау жайында баяндалды. 1991 Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағанда Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болды. Шара барысында оқушыларға Президент жайында слайд-презентация көрсетіліп, «Оны өмірі – ұлтқа өнеге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

DSCN7456 minDSCN7431 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика