28 қарашада №5 балалар кітапхана-филиалында №85 НОМ 4 сынып оқушылары үшін «Елбасы – ел тірегі, абыройы, айбаты!» атты портреттік кеш өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының көшбасшысы – Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев туралы және тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктері туралы білімдерін тереңдету. Балалардың бойында Елбасына деген құрметті қалыптастыру, Тұңгыш Президент жайлы кітаптарды насихаттау. Шара барысында «Қазақстан Елінің Алғашқы Елбасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды,  «ҚР Әнұраны», «Президенттің бір күні» атты бейнероликтер көрсетілді, «Тұңғыш Президент» слайд презентациясы ұсынылды. Шараның қорытындысында балалар «Президент туралы не білесіңдер?», «Тарихи тұлғалар» тақырыптарындағы викториналық ойынға қатысып, өз білімдерін көрсетті.

IMG 8289 minIMG 8268 minIMG 8288 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика