14 желтоқсанда №8 кітапхана-филиалының оқу залында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Егеменді елім менің – Қазақстан» атты тарихи кеш өткізілді. Шараның мақсаты: оқушыларды өз елінің тарихын сыйлауға, патриоттық рухта тәрбиелеу, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Кешке №74 ОМ-тің 8 «В» сынып балалары дайындықпен келді. Іс-шара барысында  кітапханашы туған еліміздің жетістіктері мен тарихына қысқаша шолу жасап өтті. Тарихи кеште балалар өздерінің белсенділіктерін көрсетіп, туған жер, Отан, Тәуелсіз Қазақстан, Елбасы туралы өлең жолдарын оқыды. Кеш соңында балаларға «Ұшқыр ой, жылдам жауап» атты викторина жүргізілді және тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасалды. Барлығы 14  адам қатысты.

882

 



Яндекс.Метрика




Яндекс.Метрика