12 желтоқсан күні №5 балалар кітапхана-филиалында «Федор ағай, Чебурашка, және бәрі-бәрі-бәрі…» атты жазушы күні өткізілді. Мақсаты: балаларды  Эдуард  Успенскийдің шығармашылығымен таныстыру, мейірімділік пен достыққа тәрбиелеу, кітап оқуға тарту. Шара барысында жазушының әрбір ертегісінің балаларға ғажап та көңілді бір әлем сыйлайтыны жайлы әңгімеленді.  Шараға «Кітаппен бірге әлемді танимын» атты кітап көрмесі безендірілді және «Э.Успенскийдің шығармаларынан викторина», «Әдеби қобдиша» ойындары мен «Есіңе түсір» сайысы өткізілді. Барлығы  25 адам қатысты.

12 

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика
Яндекс.Метрика