№ 11 балалар кітапхана-филиалында № 83 ЖББОМ 10 сынып оқушылары үшін «Менің тәуелсіз Қаақстаным» атты тарихи вояж өткізілді. Шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттықты, азаматтық пен мемлекетіміз үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар ҚР Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихымен, маңызды оқиғалар жылнамасымен таныстырылды. Мемлекетік рәміздер мен «Рухани жанғыру», «Туған жер» бағдарламалары туралы мәлімет берілді.Ұлы дала күйлерінің әуенімен сүйемелдей отырып, Отан, Тәуелсіздік жайлы өлеңдер оқылды. Шараға «Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында көрме-хроника безендірілді. Барлығы 21 адам қатысты.

3

 

Яндекс.Метрика

 

Яндекс.Метрика