25 қаңтарда №15 балалар кітапхана-филиалында Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  жолдауына орай  оқырмандар арасында «Елбасы жолдауы-болашақтың бағдары» атты дөңгелек үстел өткізілді.  Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауының мазмұнымен таныстыру. Іс-шараға № 86 орта мектептің 7 сынып оқушылары мен ұстаздары Нұрмағамбетова С. Қ. қатысты. Кітапханашы Игембаева Д. Т. оқушыларды Елбасы Жолдауында баяндалған 10 негізгі міндеттермен таныстырды. Оның ішінде балалар келесі міндеттерге: білім берудің жаңа сапасына,  жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар туралы әңгімеге ерекше назар аударды. Барлық өңірлердегі оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3D-принтерларды қоса алғанда барлық қажетті  инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру жөнінде мәлімет қызықтырды.  Шара барысында  «Елбасы жолдауы-болашақтың бағдары» атты ақпараттық кітап көрмесімен таныстырылып, шолу жасалды. 

фото1фото2



Яндекс.Метрика




Яндекс.Метрика