24 қаңтар күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапхана кітапханашылары  Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші    өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша ЖШС «Санат» полиграфиясының қызметкерлерімен  «Жаһандық технологиялық өзгерістерге нық қадаммен» атты іскерлік сұхбат өткізді. Іс шараның мақсаты: ҚР Президенті Жолдауының маңыздылығы мен халыққа жүктелген он міндеттің мәнін түсіндіру; Отанымыздың тағдырына, оның өткені, бүгіні және болашағына  бей-жай қарамау сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттау, азаматтардың жалпы, кешенді, үздіксіз патриоттық тәрбиесі мен жаһандық технологиялық өзгерістерге деген оң көзқарастарын қалыптастыруға қолдау көрсету. Сұхбат барысында еліміздің төртінші    өнеркәсіптік  революция  жағдайында Жаһандық технологиялық өзгерістерге нақты бетбұрыс жасаған тұсында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың осы Жолдауы дамудың нақты міндеттерін бекітіп беріп отырғаны жөнінде әңгімеленді. Полиграфия қызметкерлері Жолдаудың бағыты мен еліміздің алдына қойылған мақсат-міндеттері туралы өз көзқарастарымен бөлісті. «Жаһандық технологиялық өзгерістерге нық қадаммен» атты ақпараттық көрмеге шолу жасалып, қатысушылар жолдау материалдарымен жақын танысты.

DSC 0194 minDSC 0186 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика