24 қаңтар күні № 22 кітапхана-филиалында Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауына арналған пресс-хабарлама өтті. Мақсаты: қазақстандық патриоттықты тәрбиелеу, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талдау, Қазақстанның өткені мен бүгіні туралы түсінікті қалыптастыру, еліміздің тарихына қызығушылықты дамыту. Оқырмандарға келесі мазмұнда түсіндіру хабарламасы жасалды: Президенттің Жолдауындағы елімізді дамытудың басты бағдары өмірдің барлық саласына цифрлық технологияларды енгізу болып табылады. Бұл Қазақстанның жаңа әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылуы үшін маңызды. Елбасының Жолдауы еліміздің жан-жақты дамуы үшін экономика мен әлеуметтік саланың алдына нақты 10 міндетті қойды; өндірістік үдерістерді цифрландыру және заманауи бизнес-модельдерді меңгеру арқылы еңбек өнімділігін арттыруды міндеттеп отыр; сондай-ақ, әлеуметтік даму мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Сонымен, Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауы еліміздің әрі қарай жаңғыруына маңызды бастама болып табылады және әрбір қазақстандықтың іс-әрекеттеріне жетекшілік жасайды.