16 ақпан күні №1 балалар кітапхана-филиалында ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талдау бойынша интер-медиа шарасы өтті. Мақсаты: оқырмандарды Елбасының жаңа стратегиялық құжатымен таныстыру, Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының дамуы мен нығайуына қосқан зор үлесі туралы түсінік беру. Шараға Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ 1 курс студенттері шақырылды. Модератор ҚарМУ-дің оқытушысы Мусина Гульзира Исламовна Жолдаудың негізгі ережелері мен халыққа жүктелген он міндетін талдап түсіндірді. Ұзақмерзімдік мақсаттарға жетудің жолдары туралы әңгімеледі. Талқылау барысында қатысушылар мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру саласы және балаларды ерте дамытуға бағытталған бірыңғай стандартты бағдарламалардың енгізілуі жөніндегі мәселелерге ерекше көңіл бөлді. Сондай-ақ, құрамына қажетті инфрақұрылымдар мен компьютерлер, лабораториялар, 3D принтерлер кіретін балалар технопарктері мен бизнес –инкубаторлар желісін құру міндеті талқыланды. Шара соңында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. 

123

Яндекс.Метрика