23 ақпан күні М.О. Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада қазақтың ақыны, тіл және әдебиет зерттеуші ғалым, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынов және қазақ қоғамы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты: жас ұрпаққа А.Байтұрсыновтың өмірбаянымен, қоғамдық және шығармашылық қызметін таныстыру, өз елін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу, қазақ әдебиетін насихаттау. Дөңгелек үстелге инновациялық технологиялық колледжінің студенттері мен колледждің қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы А.Б. Рахимжанова және «№ 65 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Н .Өмірсерік қатысты. Кітапханашылар А.Байтұрсыновтың өмірбаяны мен қазақ халқына сіңірген еңбегі, «Алаш» партиясы құрамындағы қайраткерлік істері жөнінде мәліметтер берді. Шара барысында қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері М.Н.Өмірсерік Ахмет Байтұрсыновтың қазақ қоғамын қалыптастырудағы рөлі туралы баяндама жасады және А.Б.Рахимжанова ақынның латын тіліне қатысты еңбегі туралы әңгімеледі. Студенттерді қызықтырған сұрақтарға тіл мамандары жауаптар берді, тәжірибе бөлімінде латын графикасының жаңа үлгісі арқылы ақынның «Тарту» атты өлеңін латын қарпімен жазып көрсетті. Студенттер Ахмет Байтұрсыновқа арнап шығарған өлеңдерін оқыды. Кеш соңында бейне ролик көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу жасады. Шараға 20 адам қатысты.

DSC 0883 minDSC 0839 minDSC 0843 minDSC 0864 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика