№ 8 кітапхана-филиалының қызметкерлері 21 ақпанда №74 ЖББОМ-тің акт залында «Латын әліпбиі - мәңгілік елдің рухани жаңғыруы» атты дөңгелек үстел бағдарламасын өткізді. Шараның мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастарға бағыт-бағдар сілтеу, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі туралы кеңінен мағлұмат беру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу. Шараны модераторлар мектеп директоры Нуртаева Н.К. мен қалалық білім бөлімінің әдліскері Жаркеева Г.Б. жүргізіп отырды. Шара барысында «Латын әліпбиіне көшуге дайынбыз ба?» атты бейнетүсірілім көрсетілді. Дөңгелек үстелдің «Таныс та, бейтаныс латын...» атты негізгі бөлімінде білім, ғылым, мәдениет қайраткері, тарихшы М. Баймұқанов «Латын қарпі – болашаққа қадам», «Латын графикасына көшудің маңыздылығы» атты мақалалармен таныстырып, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушылары әліпбидің алғашқы шығу тарихы, әлем халықтары арасында таралуы, қазіргі заманда әліпбидің қолданылуы және қажеттілігі туралы өз пікірлерін айтып өтті. Қатысушылар латын әліпбиінің жаңа нұсқасымен таныстырылды. Кітапхана меңгерушісі «Әліпби – ұлт болашағының негізі» атты баяндамасында «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламасының сананы жаңғырту жобаларына тоқталып, қазақ әліпбиінің латын графикасына өтудің маңыздылығы жөнінде талдау жасады. Қорытынды бөлімде «Еркін микрофон» арқылы мектеп мұғалімдері мен оқушылардың тақырып бойынша сұрақтарына жауап берілді. Қатысқандар саны: 120 адам.