27 ақпанда №31 кітапхана-филиалында «Президент Жолдауы - еліміздің даму қадамы» атты жедел ақпарат өтті. Мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауына қолдау көрсету және насихаттау. Шара барысында кітапханашылар ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауларының әрқайсысы еліміздің одан әрі дамуына негізгі бағыттарын нақтылайтын, бағдарламалық құжат екенін атап өтті. Биылғы Жолдау да мемлекеттің таяу жылдардағы даму басымдықтарын, Қазақстанның дамудың жаңа көкжиектеріне көтерілуі үшін маңызды міндеттерді нақтылап берді. Ақпарат беру барысында Президент Н.Ә.Назарбаев еліміздің барлық саласын дамытуға қатысты белгілеп берген негізгі он міндетке талдау жасалды. Бұл: 1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. 2. Ресурстық әлеуетті одан ары дамыту. 3. «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. 4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру. 5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту». 7. Адами капитал - жаңғыру негізі. 8. Тиімді мемлекеттік басқару.
9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. 10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.
Кітапханашылар шара соңында Жолдаудың жалпы, барлық саланы қамтыған сипаттамасы еліміздің одан әрі жаңғыруына қажетті маңызды ынталандыру құжаты болып табылатынын және оны жүзеге асыру үшін еліміздің барлық азаматтары белсене атсалысуы керектігін айтып қорытындылады. Шараға «Президент Жолдауы – елін қолдауы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Барлығы 15 адам қатысты.