28 ақпан күні №6 кітапхана-филиалында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының жоғары сынып оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімі Әбдикаримова Г.Б. қатысуымен «Латын әліпбиі болашаққа бастау» атты қызықты ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: қазақ тілін латын графикасына көшірудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру. Шара барысында оқырмандарға латын әліпбиінің шығу тарихы мен әлем халықтары арасында қолданылуы және біздің елімізге әлемдік ақпараттық деңгейге көтерілу үшін, цифрлық ресурстарға қолжетімділік үшін қажеттілігі туралы әңгімеленді. Кітапханашы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру» бағдарламасында айтқан сананы жаңғырту жобаларына тоқталып, қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуінің маңыздылығы туралы кеңінен түсінік берді. Оқушылар латын әліпбидің жаңа нұсқасымен танысып пікір алмастырды және жаңа әліпбимен сөздерді жазып, тәжірибе сабағын өткізді. Қорытындысында «Латын әліпбиі- рухани жаңғырудың темірқазығы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға 18 адам қатысты.