4 мамыр күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада Ұлы Жеңіс күніне орай «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты естеліктер вахтасы өткізілді. Шараның мақсаты: оқырмандарды адамгершілікке тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілітерін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысы тарихымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Іс-шараға № 54 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.М.Ғазизова мен 7 «в» сынып оқушылары, № 35 ЖББОМ Ю.Н.Павлов атындағы кадет мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі З.А. Қуаныш пен оқушылары қатысты. Шара барысында жүргізушілер 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енгендігін айтып өтті. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы тұсындағы талай ақын-жыршылар шығармашылығына арқау болды. № 54 ЖББОМ оқушылары Қ.Серікбаева, Н.Нұрайым, Ғ.Алихан, Т.Санжар және № 35 ЖББОМ Ю.Н Павлов атындағы кадет мектебнің 8 сынып оқушылары К.Әбішева, В.Колисниченко, Асем Сармантайдың айтқан әні көпшілік оқырмандарды тәнті етті. «Ешкім де, еш нәрседе ұмытылмайды» атты видеоролик көрсетіліп, «Ұмытылмас жолдар» атты кітап көрмесіне кітапханашы Г.Қосжан шолу жасады.
№ 11 балаларға қызмет көрсету бойынша кітапхана-филиалында «Бірлік пен достық» дәстүрлер кейс-витринасы ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқырмандарды 1 мамыр мемлекеттік мерекесімен таныстыру; ҚР халықтарының дәстүрлерімен таныстыру; жастарды ҚР халықтары арасындағы достық пен туыстықты тәрбиелеуге шақыру. Безендіруге кітаптар, дәйексөздер, және суреттер енгізілді. Көрменің бірінші бөлімі «Бірегей ұйым» - Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының құрылуы жайында. Қазақстан халықтарының достығы және бірлігі жайында кітаптар «Конфессиялар арасындағы татуластық» бөлімінде. Әр халықтың мәдениеті ерекше және қайталанбас. Ол «Жүз ел – жүз тіл», «Дәстүрлерді сақтаушы» бөлімдерінде көрсетілген.
2 мамыр күні № 27 кітапхана-филиалында Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Ұлттардың тату отбасы» атты шолу-презентациясы ұйымдастырылды. Мақсаты: рухани-өнегелі қасиеттерді қалыптастыру, бір-біріне деген азаматтық және адамгершілікті арттыру. Кітапханашы оқырмандарға мерекенің шығу тарихын айтып өтті. Оқырмандар көрсетілген кітаптармен таныса отырып еліміздің күші – халықтар бірлігінде екендігіне көз жеткізді.
№ 1 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалында «Жастар» АЖК-мен бірлесе отырып № 65 ЖББМ 8-9 сынып оқушыларына арнап «Әскер – еліміздің күші мен мақтанышы» ерлік сабағын өткізді.
Мақсаты: ҚР Қарулы күштері күні мерекесі жайында таныстырып, Қарулы күштер жайында білімдерін кеңейту, батырларға деген мақтанышын тәрбиелеу, әскерде қызмет көрсетуге деген сезімдерін ояту.
Шараға Республикалық ардагерлер және Қарағанды қаласы бойынша Тәжік-ауған шекарасында болған қақтығысқа қатысушылар кеңесі филиалының төрағасы Талғат Құсайынұлы Мусалиманов шақырылды. Ол тәжік-ауған шекарасында қазақстандық біріктірілген атқыштар батальонындағы өткізген қызметі жайында баяндады. 1993 жылдан 2001 жылға дейінгі аралықта жүзге тарта қазақстандық әскери қызметкерлердің көз жұмған және бірталайы жарақат алғандығын айтты. Балалар ардагерді мұқият тыңдап, сұрақтар қойды: Сіз бала күніңізде кім болуды армандадыңыз? Шекарада, қақтығыстар ортасында қызмет ету қаншылықты ауыр? Қызмет барысында қандай қызықты оқиғалар болды? Қандай әскери марапаттарға ие болдыңыз?
Кітапханашы «Әскер – еліміздің күші мен мақтанышы» викторинасын өткізді және көрмедегі кітаптармен таныстырды. «Жастар» клубының спорт-нұсқаушысы К.Ж.Дарабаев және № 65 ОМ ұстазы М.Омаров жастар арасында дартс, армрестлинг және автоматты уақытқа шашып-жинау бойынша жарыстар өткізді. Жеңімпаздарға медальдар мен мақтау қағаздарын ұсынды. Шараның құрметті қонағы Т.Мусалиманов қатысушыларға зор денсаулық, оқуда сәттілік, ашық аспан тілеп жасөспірімдерді әскерде қызмет көрсетуге дайындалуға және спортпен шұғылдануға шақырды.
2018 жыл 25 сәуір күні 6505 әскери бөлімінде М.Әуезов атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері Г.Қосжан, Г.Какенбекова 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған «Отанға қызмет –ұлы міндет» атты әскери даңқ сағатын өткізді. Мақсаты: Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту. Отанға деген патриоттық сезімдерін арттыру, мемлекеттік рәміздерді қорғауға, ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыпты өз халқының ерлікке толы өткен тарихына зор құрметпен қарауға тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашылар Отан қорғаушылар күні қай жылы , қай уақытта құрылғаны жөнінде мәліметтер берді. 6505әскер бөлімінде отан алдындағы борыштарын өтеп жүрген Ғ.Шәкір мен Н.Қасымхан қазақтың күмбірлеген қара домбырасымен «Туған жерге», «Отанға», «Ауылға» арналған өлеңдерін айтты. Әскери даңқ сағатына қатысқан сарбаздар сұрақ – жауап викторинасына белсене қатысып отырды. Кітапхана ұжымынан 6505 әскер бөлімінің клуб бастығы Б.Рахымжановичке алғыс хат табысталды.
> > >