5 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін талқылау бойынша «Жаңа әліпби - болашаққа бағдар» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты: жасөспірімдер арасында латын қарпіне көшу мәселесін талқылау; латын қарпіне көшудің тиімділігін ұғындыру; кітапхана қорындағы тіл білімі туралы кітаптарды оқырмандар назарына ұсыну. Шараға №41 жалпы білім беретін орта мектептің 8 сынып оқушылары мен кітапханашысы қатысты. Шара барысында кітапханшылар А.Көшербаева мен Г.Қосжан бейне роликтер көрсету арқылы латын әліпбиінің таңбалық тарихы және латын жазуының әлем елдерінде қолданылу дәрежесі жөнінде әңгімеледі. Оқушыларға қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің логикалық терең тарихы жайлы, қазіргі технологиялық ортаның, әсіресе XXI ғасырдағы заманауи әлемдегі коммуникативтік және ғылым мен білімнің ерекшелкітерін меңгеру үшін тиімділігі туралы ақпарат берілді. Тәжірибелік бөлімде латын әліпбиін пайдалана отырып жазуға машықтану бойынша балалар А.Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңін латын қарпімен жазу тапсырмасын орындады. Оқушылар барлық тапсырмаларды белсене орындап, білгірлік танытты және Отан, ана тілі туралы өлеңдер оқыды. Шараның қорытындысында «Латын әліпбиіне көшу - мемлекеттік міндет» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

222333666

Яндекс.Метрика