4 сәуір күні №16 кітапхана-филиалында Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай «Денсаулықты бірлесе ойлайық» атты денсаулық сақтау калейдоскопы өтті. Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын сақтауға ынталануды қалыптастыру, түрлі ауруларды дамытуға ықпал ететін жат әдеттер мен тәуелділіктен саналы түрде бас тартуға тәрбиелеу, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру. Шараның ұраны: «Кімде денсаулық бар болса, онда үміт бар, үміт бар жерде бәрі бар» деген ежелгі араб даналығы болды. Салауатты өмір салтын насихаттау туралы әңгіме барысында кітапханашылар зиянды әдеттердің қайғылы жағдайларға әкеліп соқтыратын зардаптары туралы әңгімелеп, тиісті тақырыптағы шығармалардан үзінділер оқыды. Ересектер балаларды ерте жастан бастап саналы түрде өз денсаулығын сақтауға, жаман әдеттерден бас тартуға үйретулері керек екенін түсінуі тиіс. Ол үшін салауатты өмір салты туралы қызықты да пайдалы ақпараттарды біліп, өмірде қолдануға дағдылану қажет. Осы мақсатта кітапханада салауатты өмір салты, спорт және дұрыс тамақтану туралы кітаптар ұсынылған «Салауатты болу сәнді» атты кітап көрмесі әзірленді. Балалар мен ата-аналар шарадан бүкіл отбасының денсаулығы туралы пайдалы кеңестер алды. Шараға 25 адам қатысты.