2018 жылы 26 сәуір күні № 11 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесері өткізілді. Мақсаты: Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабымен, Қазақстан дамуы және қалыптасу кезеңдерімен таныстыру, Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалардың мені жайында түсіндіру. Шараға № 78, 83 ЖББОМ 7-10 сынып оқушылары қатысты. Тарих пәнінің ұстазы Сабина Берікқызы Егізбаева «Қазақ мемлекетінің алғашқы жаңғыруы» атты баяндамасында оқушыларды қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына ықпал еткен оқиғалармен таныстырды. Шара жүргізушісі кітаптың маңызды бөлімдеріне тоқталып өтті. Онда қазақстандық даму үлгілері, негізгі қағидалары, қозғаушы күштері жайында ашық айтылған. Қорытындылай келе Елбасының жаңа кітабы мемлекетілігіміздің қалыптасуында тарихи маңызы бар екендігі айқындалды және Қазақстанның болашақ мамандарын даярлау жүйесінде оқу бағдарламаларында лайықты орын аларына сенімді екендіктері айтылды.
> > >
25 сәуір күні № 27 кітапхана-филиалының оқу залында № 21 ЖББОМ 9-сынып оқушыларына арнап қазақ батыры Сырым Датұлының туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ даласының батыры» атты тарихи экскур өткізілді. Шараның мақсаты: отанышылдыққа тәрбиелеу, Қазақстанның тарихы және тарихи есімдерін құрметтеуге шақыру. Шара жүргізушісі Сырым Датұлы жайында, оның ұлттық қозғалыстары қазақ рулары арасындағы шиеленістерді реттеуге тікелей бағытталғандығын айтып өтті. Сонымен қатар батырдың бастамасымен болған көтерілістер тәуелсіздік және ұлттық абырой үшін күрестің бастамасы екендігі баяндалды.
> > >
26 сәуір күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің оқу залында «Кеша» аула клубы мен бірлескен «Чернобыль апаты ғасыр қайғысы» атты ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Шараға «Чернобыль – ХХ ғасыр апаты» атты тақырыптық көрме дайындалды.Бұл шара балаларға адамгершілік сабағы болды. Қатысқаны: 22 адам.
> > >
26 сәуір күні Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай № 31 кітапхана-филиалында «Абай бол, нашашақорлық!» атты шолу-ескерту өткізілді. Онда нашақорлық және оның зардабы жайында құжаттар, суреттер мен осы қатерлі «дерттің» алдын алу шаралары жайында кеңестер берілген құжаттар көрсетілді. Мақсаты: оқырмандарды нашақорлық мәселелеріне назарларын аудару; адам денсаулығына тигізетін физикалық және моральдық теріс әсері жайында және қазақстандық қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы жайында түсіндіру.
> > >
27 сәуір күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің қызметкерлері және №7 гимназия мектебінің 8 сынып оқушыларымен Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125-жыл толуына орай «Мағжан жұлдызы» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, отаншылдыққа тәрбиелеу, Мағжан Жұмабаев шығармаларының адамгершілік, рухани жағын насихаттау. Шараға «Мағжан жұлдызы» атты тақырыптық көрме қойылды, слайд көрсетілді. Кешті А.Ахетовтың М.Жұмабаевқа арналған өлеңімен ашылды. Шараны кітапханашы Оразғалиева Л., М.Жұмабаев 20 ғасырдың басындағы Абайдан кейінгі қазақ поэзиясын әлемдік биікке көтерген тұлға екендігіне ерекше тоқталып өтті. Одан әрі ақынның қайғы-қасіретке толы өмірі және ешкімге ұқсамайтын өзіндік жолы бар ақын екендігі тілге тиек етілді.Шарада слайттар көрсетіліп, балалар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, әуенді ән де салды. Кеш соңында тақырыптық көрмеге шолу жасалды.
> >