26 сәуір күні Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай № 31 кітапхана-филиалында «Абай бол, нашашақорлық!» атты шолу-ескерту өткізілді. Онда нашақорлық және оның зардабы жайында құжаттар, суреттер мен осы қатерлі «дерттің» алдын алу шаралары жайында кеңестер берілген құжаттар көрсетілді. Мақсаты: оқырмандарды нашақорлық мәселелеріне назарларын аудару; адам денсаулығына тигізетін физикалық және моральдық теріс әсері жайында және қазақстандық қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы жайында түсіндіру.
26 сәуір күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің оқу залында «Кеша» аула клубы мен бірлескен «Чернобыль апаты ғасыр қайғысы» атты ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Шараға «Чернобыль – ХХ ғасыр апаты» атты тақырыптық көрме дайындалды.Бұл шара балаларға адамгершілік сабағы болды. Қатысқаны: 22 адам.
24 сәуірде №8 кітапхана-филиалының оқу залында «Нашақорлық – тұйыққа апарар жол» атты лекция-талдау өткізілді. Іс-шарада кітапханашы қатысушыларға нашақорлықтың зияны, оның адам ағзасына тигізер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлері жөнінде де ескертіп өтті. Іс-шараның мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру; жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын қалыптастыру. Безендіру:«Зиянды әдеттерден аулақ бол!» атты тақырыптық сөре Қатысқандар: 12 адам.
27 сәуір күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің қызметкерлері және №7 гимназия мектебінің 8 сынып оқушыларымен Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125-жыл толуына орай «Мағжан жұлдызы» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, отаншылдыққа тәрбиелеу, Мағжан Жұмабаев шығармаларының адамгершілік, рухани жағын насихаттау. Шараға «Мағжан жұлдызы» атты тақырыптық көрме қойылды, слайд көрсетілді. Кешті А.Ахетовтың М.Жұмабаевқа арналған өлеңімен ашылды. Шараны кітапханашы Оразғалиева Л., М.Жұмабаев 20 ғасырдың басындағы Абайдан кейінгі қазақ поэзиясын әлемдік биікке көтерген тұлға екендігіне ерекше тоқталып өтті. Одан әрі ақынның қайғы-қасіретке толы өмірі және ешкімге ұқсамайтын өзіндік жолы бар ақын екендігі тілге тиек етілді.Шарада слайттар көрсетіліп, балалар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, әуенді ән де салды. Кеш соңында тақырыптық көрмеге шолу жасалды.
2018 жылы 27 сәур күні № 46 ЖББОМ оқушыларына № 5 балаларға қызмет көрсететін кітапхана-филиалының қызметкерлері Н.Назрабаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы бойынша «Біздің уақыттың шежіресі» атты оқырман конференциясы өткізілді. Мақсаты: оқырмандарды кітаптың негізгі мазмұнымен таныстырып, оның тарихи рөлі жайында түсіндіру. Еліміздің тәуілсіздік жолын және сол жолда Тұңғыш Президентіміздің еңбегін толықтай бағалай білу, оқырмандық пікірлерін қалыптастыру, оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеу және оқығанын талдай білуге үйрету. Шараға «Нұр Отан» партиясы Октябрь аудандық филиалы төреғасының бірінші орынбасары Б.А.Аманжолова, № 46 ЖББОМ 9-11 сынып оқушылары қатысты. Безендірілуі: «Елбасы жолдады – елі қолдады» ашық көрсетілім дайындалды, «Тәуелсіздік дәуірі» слайды көрсетілді.