4 мамыр күні № 16 кітапхана-филиалының қызметкерлері № 25 орта мектебі және № 4 өнер мектебімен бірлесе Ұлы Жеңіс мерекесіне орай «45 жылдан хат жазамын» атты мерекелік шара өткізді. Шараға тыл ардагерлері У.И.Нагибина және В.С.Михеева қатысты. Олар Белорус партизандарына қалай көмек көрсеткендері жайында баяндады. Одан әрі «Соғыстың ұзақ жолдары» тарихи хабар презентациясы ұсынылды. Онда соғыс қалай басталғандығы, халықтың бастан кешкен қиындықтары және Ұлы Жеңіс қуанышы баяндалады. Шарада «Біз есімдерді естен шығармаймыз...» көрме-хабарына шолу жасалды. Онда Ұлы Отан соғысы тақырыбына және қазақстандық жауынгерлерге арнап жазылған әдебиеттер таныстырылды. Шара соңында Ұлы Отан соғысы жайында әндер шырқалды . Қатысушылар көтеріңкі мерекелік көңіл-күймен тарқасты.
2018 жылы 4 мамыр күні № 29 кітапхана-филиалы қызметкерлері № 5 ЖББОМ оқушыларына Кеңес Одағының батыры Мартбек Мамыраевтың 110 жылдығына арналған «Оның ерлігі өшпес мәңгі» тарихи сағатын өткізді. Шараның мақсаты: жас ұрпақты азаматтыққа және отаншылдыққа тәрбиелеу, сонымен қатар рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Оқушыларда батырдың өмір жолымен, ерлігімен және марапаттарымен таныстырды. Балалар Мартбек Мамыраевтың қарағандылық жерлесіміз екендігін білді. Сонымен қатар Қарағандыда әскери-техникалық мектепке, Октябрь ауданында көшеге батыр аты берілгендігі, батыр атына мүсін орнатылғандығы айтылды. Балаларға өте қызықты және тартымды болды. Олар әр түрлі сұрақтар қойды.
2018 жылы 4 мамыр күні № 5 балаларға қызмет көрсету бойынша кітапхана-филиалы қызметкерлері № 12 ОМ 7 «а» сынып оқушыларына «Қазақстандық батырлар даңқының ізімен» отаншылдық экпедициясын өткізді. Шараның мақсаты: өскелең ұрпақты ата-бабаларымыздың ҰОС-дағы ерлігін мақтан тұтуға тәрбиелеу, өз туған еліне деген сүйіспеншілік және құрметті дәріптеу, Отан алдындағы борышын орындаған адамдар жайында мағлұмат беру. Шара барысында майдан тақырыбында өлеңдер оқылып, жауынгерлердің ерліктері жайында айтылды. «Жауынгер ерлігіне тағзым» кітап галереясы дайындалды, «Қазақстандық ҰОС батырлары», слайд-журналы және «Біз – Жеңістің ұрпақтарымыз» бейне-ролигі көрсетілді.
4 мамыр күні № 1 балаларға қызмет көрсету бойынша кітапхана-филиалында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Біз ортақ жанұямыз...» ақпараттық дайджесті өткізілді. Мақсаты: балаларды бейбітшілікке, ұлттық келісімге шақыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, Қазақстанда тұратын ұлт өкілдеріне деген қызығушылықтарын ояту, өз еліне, халқына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру. Шара барысында кітапханашы еліміздің рәміздерімен (Ту, Елтаңба, Гимн) таныстырды. Қатысушылар Қазақстанда бейбітшілік және ынтымақтастықта 130-дан астам ұлт өкілдері тұратындығын білді. Кітап көрмесінде балалар Қазақстан жайындағы әдебиеттермен танысты. «Достық жайында нақыл» бейне-слайдын тамашалады.
4 мамыр күні № 27 кітапхана-филиалының оқу залында № 21 ОМ 8 сынып оқушыларына Ұлы Жеңіс күніне және Ұлы Отан соғысының батырлары М.Мамыраев пен И.Панфиловқа арналған «Қорғаушылар өмірін есте сақта» атты естелік кешін өткізді. Шараның мақсаты: оқушылардың кеңес әскерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жайындағы түсініктерін қалыптастыру, борыш және отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу. Жүргізуші Кеңес Одағының батырлары Мартбек Мамыраев және Иван Панфилов жайында айтып өтті. Биыл туғанына 110 жыл толып отырған қарағандылық батыр М.Мамыраевтың өмір жолы жайында толық мағлұмат берді. Ұлы Жеңіс осындай қарапайым азаматтардың батырлығымен келді. Одан әрі жастар Иван Панфиловтың өмірі бойынша ақпарат алып, биылғы жылы батырдың туғанына 125 жыл толатындығын білді. Сонымен қатар Дубосеково разъездіндегі шайқастағы 28 панфиловшы жауынгердің ерлігі туралы сөз қозғалды. Тарихымыздағы бұл ерлік беттері жадымызда мәңгіге орын алады.