Қазақстан – бұл 150 ден астам ұлт өкілдері тұратын көпұлтты мемлекет. Сол ұлттарды біріктіру мақсатында мемлекет үкіметі түрлі іс-шаралар өткізеді. Соның бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Осы атаулы күнге орай 24 сәуір күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай әр ұлт өкілдері арасында «Біз – Қазақстандықтармыз» атты достық қонақжай өтті.

Іс-шараның мақсаты: оқырмандарды елімізде тұратын барлық ұлттардың салт-дәстүрімен таныстыру. Отанды сүюге, достық пен татулықтың туын берік ұстауға баулу, әр ұлт өкілдерінің өнерін насихаттау.

Іс-шараға әр ұлт өкілдері, Қарағанды облысы әкімшілігі КММ кітапхана қорларының маманы Малик Людмила Владимировна,Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестігінің өкілі Кулаузиди Анула Ивановна, АХЫСКА Түрік орталығының мүшесі Фокс Виолетт, ҚарМТУ, ҚММУ, ҚЭУ, студенттері, № 77 ЖББОМ мұғалімдерімен оқушылары шақырылды.

Шара барысында кітапханашылар бірінші мамыр мейрамының ортақ тарихы, дәстүрмен біріккен біздің көп ұлтты еліміз үшін ерекше қымбат мереке екені жөнінде түсінік беріп өтті және қаламыздың достық пен татулықтың туын берік ұстап жүрген әртүрлі ұлт өкілдерінің өнері мен салт-дәстүрлері таныстырылды. Ән мен биден шашу шашып, Қазақстан халқына деген жүрек жарды ізгі ниеттерін білдірді. Бұл фестиваль-концерт арқылы оқырман жастарға тәлім-тәрбие беріліп, достық қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсті. Біздің жерімізде әрқашан бейбітшілік пен бірлік, ырыс – береке болсын деген қорытынды жасалды.

1111 minDSC 1258 minDSC 1274 minDSC 1300 minDSC 1321 minDSC 1335 min

Яндекс.Метрика