2018 жылы 27 сәуір күні № 29 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Болашақ» колледжінің студенттеріне ҚР Президентінің Жолдауын насихаттау мақсатында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында түсіндіру оқуын өткізді. Шара барысында қатысушыларға ҚР Президентінің алға қойған негізгі он міндеттері жайында айтылды. Сонымен қатар кітапханашы Қазақстан Республикасы Президентінің барлық жолдаулары тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, тәуелсіз еліміздің көркейіп, дамуына бағытталғандығын атап өтті. Және де сол қойылған міндеттердің орындалуына әрбір азамат ат салысуы қажет. Колледж студенттері білім алудың жаңа сапасы жөнінде өз пікірлерін айтып өтті, тегін кәсіптік-техникалық білім, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайында, т.б. сұрақтар қойды. Шараның мақсаты: студенттерді Президент жолдауындағы жаңа ойлар және міндеттермен таныстыру, мемлекет басшысының саясатын насихаттау.