15 мамыр күні №8 кітапхана-филиалының оқу залында кітапхана оқырмандарына Халықаралық Отбасы күніне арналған «Отбасы – өмір аясы» тақырыбында талдау-диалог өткізілді. Шараның мақсаты: адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адамдық құндылықтарды: махаббатты, достықты, өзара түсінушілікті т.б. насихаттау; осы тақырыпта кітап оқуға тарту. Шара басында жүргізуші оқырмандарды айтулы мерекемен құттықтап өтті. Одан кейін оқырмандармен бірге «жанұя, отбасы» сөзінің мағынасын, әрбір адам үшін отбасының маңыздылығын ашып көрсетті. «Қандай отбасында өмір сүрген жайлы» деген сұраққа оқырмандар бір ауыздан – өзара түсінушілік, сүйіспеншілік және қайырымдылық бар жанұяда өмір сүру жайлы деп жауап берді. Одан әрі бірнеше сұрақтарға жауап беру арқылы пікірталастар өткізілді. Шара барысында жанұя, достық, отбасы жайлы өлең жолдары оқылып, мақалдар айтылды. Шара оқырмандардың белсене қатысуымен өте қызықты өтті. Безендірілуі: «Менің жанұям – менің байлығым» атты тақырыптық сөре, жанұя туралы нақыл сөздер.

 

P1210131 minP1210140 minP1210187 min

Яндекс.Метрика