15 мамыр күні №5 балаларға қызмет көрсету бойынша кітапхана-филиалының қызметкерлері №46 орта мектеп кітапханашыларымен бірлесе «Қарлаг мәңгілік тұтқындары» атты еске алу сағатын өткізді. Мақсаты: балаларды Қарлаг тарихымен таныстыру, өскелең ұрпақты еліміздің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылықтарын арттыру, Қазақстандағы саяси репрессия тарихы жайындағы құжаттарды насихаттау. Қатысушылар назарына «Қарлаг тарихы» ашық көрсетілімі және «Қазақстандағы үрейлі ГУЛАГ концлагерінен репортаж», «Дәуірдің қасіретті естелігі» бейне—роликтері ұсынылды.