22 мамыр күні №31кітапхана-филиалында №95 мектеп-гиназиясында бүкіләлемдік ЖИТС құрбандарын еске алу аясында «Қорқудың қажеті жоқ, білу керек» атты профилактикалық сабақ өткізді. ЖИТС – ХХ ғасырдың соңында адамзаттың алдында пайда болған маңызды және қайғылы мәселелердің бірі. Яғни, осы дертке орай 9Б-сынып оқушыларына кітапханашы Мерейхан А. ЖИТС-тің пайда болу жолы мен салдары, қалай сақтану қажеттігі жөні туралы ақпарат беріп, ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Жербин Е.А., Чукловин А.Б. «Река жизни», Покровский В.И., Покровский В.В. «СПИД», «Азбука СПИДа» атты кітаптар мен ЖИТС туралы т.б. ақпарат беретін құжаттар қойылды. Шараның негізгі мақсаты – бүгінгі таңда АИТВ инфекциясынан уақытылы емделген жағдайда ол өмірге қауіп төндіретін дерттен созылмалы ауруға айналып, толыққанды ұзақ өмір сүруге болатынын адамдарға түсіндіру және де алдын ала болдырмау шараларын қадағалау, ЖИТС салдарынан қайтыс болған адамдарды еске алу.