Маусымның 22 күні М.О.Әуезов атындағы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Замандас» әртүрлі жастағы оқырмандар мен зейнеткерлер клубына арналған «Кітап – ақыл ойдың айнасы» атты бенефис өтті. Шараның мақсаты: Ұлт мәдениетінің құнды бейнесі саналатын, кітап оқуға деген  құштарлықтарын ояту.Кітап арқылы, сана – сезімдері жоғары,рухани бай, мәдениетті, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу. Модератор болып ОҚК өлкетану бөлімінің меңгерушісі Г.Р.Жылтыбаева  мен «Замандас» клубының мүшесі Л.А.Болашенко қатысып, қазақ, орыс классиктерінің кітаптарына тоқталып, кітаптың қашанда құндылығын жоғалтпайтындығы туралы айтып өтті. Оқырмандарға « Сіздің өміріңіздегі кітаптың алатын орны қандай?», «Алдағы уақытта қандай кітап оқығыңыз келеді?» т.б. деген сұрақтар қойылды. Шара соңында оқырмандар назарына «Кітап – ақыл ойдың айнасы» атты әдеби шолу ұсынылып, рухани жаңғыру « 100 жаңа кітап» бағдарламасы бойынша «Әлеуметтік теориясы» басылымына ерекше назар аудартты.Үздік оқырмандар «Алтын формулярмен», ал белсенді қатысушылар « Күміс формулярмен»  марапатталды.

 DSC0396 min DSC0404 min DSC0433 min DSC0475 min

22 маусым күні  кітапханада халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне  арнайы  «Өмірден айыратын құмарлық» тақырыпты нұсқаулық ұйымдастырылып өткізілді.Мақсаты: оқырмандарды есірткінің адам денсаулығына және өмір салтына тигізетін зияны туралы ақпараттандыру. Оқырмандардың  назарларына нашақорлыққа тәуелділік туралы басылымдар  ұсынылды. Сонымен бірге, өмірдің  құндылығын білдіретін және нашақорлықпен күрес әдістерін көрсететін буклеттер ұсынылды.

DSCF2828 minDSCF2831 minDSCF2836 minDSCF2839 min

Маусымның 20 күні №4 кітапхана-филиалында Қарағанды теміржол колледжі студенттерінің қатысуымен «Әлеуметтік жаңғыру» атты лекторий өтті. Шараның мақсаты: Стратегиялық нақты тұжырымдар, актуальді мәселелер мен әр салалардағы - еңбек , білім, денсаулық сақтау және тұрғын үй мәселелерін көрсету, жастарға әлеуметтік бағдар беру. Модераторлар Б.К.Мұқанова мен А.У.Жұматаевалар қатысып, еңбек еткен азаматтар ғана жақсы жетістіктермен молшылыққа , жақсы тұрмысқа жете алатындығын, әлеуметтік жаңғыру Қазақстанның алдағы жетістіктерге жетуіне, алға дамуы азаматтардың өзіне байланысты екендігі туралы айтып өтті. Оқырмандар назарына «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамындағы әлеуметтік жаңғыру» атты бейнероликтермен, «Қазақстанның үш модернизациясы: әлемдік бәсекеге қабілеттік» атты кітаптар көрмесіне шолу жасалды.

SAM 1944SAM 2349

22 маусым күні №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалының оқу залында Ислам Жарылғаповтың 100 жылдық мерейтой құрметіне  «Мерейтой иесінің кітаптарын парақтағанда» атты портретті –сұхбат шарасы өтті. Мақсаты: Ислам Жарылғаповтың өмірі мен шығармашылығымен оқырмандарды  таныстыру. Шара барысында кітапхана қызметкерлері, балаларға – көптеген жырлардың авторы,  жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып , балаларға түсінікті болу үшін өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Ислам Жарылғапов өте жоғары санаттағы аудармашы. Ол орыс және шет ел әдебиеттерін қазақ тіліне аударып, оқырманға тарту еткен жерлес жазушымыз. Ұлы Отан соғысына қатысып  «Ұлы Отан Соғысындағы  ерен еңбегі» үшін медалімен марапатталған. Шара соңында «Мерейтой иесінің кітаптарын парақтағанда» атты кітаптар көрмесіне шолу жасалды.

Жарылгапов 1 minЖарылгапов 2 min

 21 маусым күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында №41 орта мектеп жанындағы жазғы лагерь балаларымен «Денім сау болсын десеңіз....» атты валеологиялық әңгіме өткізілді. Шараның мақсаты: Балаларды өз денсаулықтарын сақтау шарттарымен, салауатты өмір салтын ұстану қағидаларымен таныстыру. Сергіту ойындары мен танымдық жаттығулар арқылы кітап оқуға деген қызығушылықтарын дамыту. Шара барысында оқу залының кітапханашысы Ғ.Т.Ғабдолла балалармен денсаулықты сақтау және салауатты өмір сүрудің жолдары жайлы валеологиялық әңгіме жүргізді. Балалар тақырыпты белсенді талқылап, ойларын ашық білдірді, балалармен жаттығулар жасап, сергіту ойындары ойнатылып, жұмбақтар жасырып, салауатты өмір салты туралы бейнероликтер көрсетілді. Шара соңында кітапханаға түскен жаңа кітаптар көрмесіне шолу жасалып, балалар бөлімінің әдебиеттерімен жақын таныстырылды.

 DSC0405 min DSC0416 min DSC0420 min DSC0437 min

Яндекс.Метрика