4 маусым күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық кеш өткізілді. Мақсаты: балаларды Қазқстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге, адамгершілікке тәрбиелеу, оқырман балаларды ойын арқылы отансүйгіштікке баулу. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен, Қазақстанның шағын тулары, «Көк тудың желбірегені» атты кітап көрмесі және музыкалық жағынан көркемделді. Шараға №52 орта мектеп жанындағы жазғы лагерьдің оқушылары қатысты. Қатысушылардың белсенділігін арттырып, балалардың еліміздің тарихын, Қазақстан Республикасының рәміздерін қаншалықты білетінін айқындауға бағытталған әртүрлі тапсырмалар ойын түрінде орындалды. Қатысушылар «Қазақстан» тақырыбына сөзжұмбақ шешіп, викторина сұрақтарына жауап берді. Қарағанды қалалық Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенті Т.Секербайдың орындауында ән шырқалды.

 DSC1582 DSC1577 DSC1573 DSC1553 DSC1548 DSC1542

Яндекс.Метрика