29 мамыр күні № 27 кітапхана-филиалында «Тарихтың қасіретті парақтары» тақырыбында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған ай-стоппер шарасы өткізілді. Мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандарын, жазықсыз қаза тапқан адамдарды еске алу, адамгершілік, патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Оқырмандар қиын жылдарда жапа шеккен зиялы қауым өкілдерінің тағдырлары және қасіретті оқиғалар туралы басылымдармен таныстырылды. Тарихшылардың анықтамалары бойынша 1937-1938 жылдың аралығында республикамызда жүзден астам тұрғындар жазаланғаны, осылардың жартысының ширегі қаза тапқаны туралы ақпарат берілді. Қазақстанда ГУЛАГ лагерлері құрылған, солардың ішінде ең ірілері Дальний, Песчаный, Актюбинский, Карлаг, АЛЖИР, Камышлаг және Кеңгір лагерлері. Оқырмандар берілген ақпаратпен кітап көрмесі мен бейнематериалдар арқылы кеңінен таныстырылды.

DSCF2762DSCF2766

Яндекс.Метрика